Маңызды құжат

0

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Жолдауда еліміздің цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интел­лектіні жаппай енгізу, инвестиция тарту, әлеуметтік-экономикалық дамуы, инс­титу­ционалдық реформалар, білім, мәдениет, денсаулық салаларын жетілдіру, сондай-ақ еліміздегі су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жолдауда еліміздің цифрлық болашағы, жасанды интеллектті енгізу, білім беру мен еңбек нарығын жаңғырту, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды тиімді етуге бағытталған нақты бастамалар айтылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында бірпалаталы Парламент құру туралы бастама көтерді.
Бұл Жолдау-еліміздің дамуына серпін беретін стратегиялық құжат. Ендігі міндет-айтылған тапсырмаларды тиімді іске асырып, халықтың әл-ауқатын нақты істер арқылы жақсарту.

Ш. Бегалиев,
«Қызылжар» шаруақожалығының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.