Құрмет көрсетілді
Аптаның басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытов Санитарлық-эпидемиологиялық саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдады.
Басқосуда аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, санитарлық- эпидемиологиялық саласының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, аудандық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі Татубай Айбеков те ізгі тілектерін жолдап, сала қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ аудан басшысы ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Сала мамандары мереке қарсаңында еткен еңбекті елеп, құрмет көрсетіп жатқан аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді.
С. Рысбекұлы,
«Sarysý»