Жамбыл облысында 120 орындық студенттік жатақхана ашылды

0

Жамбыл облысында Жұмысшы мамандықтар жылы және Жастар күніне орай 120 орындық жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді.

Нысанның құрылысын жеке кәсіпкер Меиз Рыспаева жекеменшік әлеуметтік серіктестік ая­сында жүргізіп, толықтай аяқтады. Жоба жас­тардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақ­сарту және қолжетімді білім беру кеңістігін кеңей­ту мақсатында жүзеге асырылды.
Жатақханада Абай атындағы Жамбыл гума­ни­тарлық жоғары колледждің студенттері тұра­ды. Ғимарат заманауи стандарттарға сай салы­нып, барлық қажетті инфрақұрылыммен жаб­дықталған: жатын бөлмелер, оқу және демалыс залдары, асхана мен кір жуу бөлмелері бар.
Ашылу рәсімі «Jastar Life Talks» мотивациялық форумымен жалғасты. Форумда әртүрлі салада жетістікке жеткен жас мамандар мен таны­мал тұлғалар студенттермен кездесіп, табысқа жету жолындағы тәжірибелерімен және моти­вациялық ойларымен бөлісті. Мақсат – жастарға шабыт беріп, өз армандарын жүзеге асыруға жігерлендіру, өмірлік және кәсіби бағдарларын айқындауға қолдау көрсету.
Іс-шара соңында белсенді жастар марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.