Жолдама алды

0

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жарияланған қазақ руханиятының жарық жұлдызы, ұлы ойшыл, ақын әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасына арналған IV республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңін төртінші рет өткізді.

Биылғы байқауға аудандар арасынан 11 үміткер қатысты. Байқау ережесіне сәйкес әр үміткер Шәкәрім Құдайбердіұлының таңдап алынған 20 өлеңін жатқа әрі мәнерлеп оқып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Байқауға әділ бағасын ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұлдыз Бейсек, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері Фарида Метеркулова, сондай-ақ Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусёва Салтанат берді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған Сарысу ауданының қатысушысы Айару Сейтқұл республикалық кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларға дипломдар, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

К. СҮЛЕЙМЕНОВА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.