Облыстық спартакиада өткізілді
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының маңында орналасқан «На речке» демалыс орталығында 12 тамыз «Жастар күні» мерекесіне орай «Жалынды жастар- ел болашағы» атты «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері арасындағы Жуалы ауданында облыстық спартакиада өтті.
Аталған жарысқа Жамбыл облысының аудандарынан 6 команда қатысты.
Спартакиадада келесідей сайыс түрлері өткізілді: қол күрес ұлдар арасында, қарбыз жеу сайысы, қашықтыққа жүгіру ұлдар арасында, суда жүзу қыздар арасында 100м-ге, муляж көтеру ұлдар арасында, арқан тартыс командалық.
Әділ қазылар шешімімен ауданымыздан барған жастар жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі оралды.
Суда жүзу сайысынан 1- орын ды ауданымыздан барған Ерман Болдықыз жеңіп алса, ал, муляж көтеру сайысынан 1 орынды Смайлов Мұхамедәли иеленді. Қол күресінен Аязбек Айдар 3-орынды иеленді;
Қорытындылай келе, жалпы спартакиада сайысы нәтижесінде:
1- орын Т.Рысқұлов ауданы, 2- орынды Сарысу ауданы,3- орынды Шу қаласы иеленді.
Сайыс жеңімпаздары “ Жастар ресурстық орталығы” КММ мекемесінің дипломдары мен сыйлықтарымен және де қатысушы командалар алғыс хатпен марапатталды.
Сәулет Есқара, «Sarysý»