Оқырманмен сұхбат

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен қолға алынған отандық әдебиеттің ең көп оқылатын және сүйікті 100 кітабын анықтау бойынша жалпыұлттық сауалнаманы қолдау мақсатында аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «100 кітап» ұлттық сауалнамаға жаңатастықтарды қатысуға шақырды. Сауалнаманың мақсаты-әрбір қазақ оқырманының таңдауы арқылы ұлттық әдебиетті қолдау, отандық авторлардың мәртебесін көтеру, ұрпақты оқуға, ойлауға баулу.

Кітапханашылар халық көп шоғыр­ланатын «Даңқ» монументі алдын­дағы субұрқақ алаңында қала тұрғын­дары­на ұлттық сауалнаманың мән-маңызын түсіндіріп, таңдаулы деген жүз туындының тізімін жасақтауға атса­лысуға шақырып, үнпарақтар таратты. Қала тұрғындары сауалнамаға қатысып, мұндай жобалар ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға және Қазақстан әдебиетінің рөлін күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

К.Сүлейменова,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.