Домбыра дала киесі
Мәдениет скверінде «Домбыра-дала киесі» атты әдеби сазды кеш өтті.
Іс-шараның барысында жүргізуші домбыра туралы мағлұмат беріп, кітапхана қызметкері Б.Қойлыбаева «Толғау» әнін әуелете шырқап, көрермендердің көңілінен шықты. Кітапхана оқырманы А.Нұрмахан өзінің «Домбыраға арнау» атты жүрек жарды жырынан шашу шашты.
Жас домбырашылар Д.Бейсенбин, А.Сатыпалды киелі домбыраның қос ішегінен төгілген Қазанғаптың «Ақжелен», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», М.Әубәкіровтың «Талас» атты құдіретті күйлерді күмбірлете орындады.
«Домбыра-дала киесі» атты көрмесіне кітапхана қызметкері Ж.Рахымжанова библиографиялық шолу жасады. Көрмеге атақты қазақтың күйшілері туралы, қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын және елдің тарихы мен мәдениетінің белгісі болып табылатын музыкалық аспап домбыра жайындағы әдебиеттер қойылған. Бұл көрмеден К.Әзірбаевтың «Жан серігім, домбыра», «Песни гор и степей», Ұ.Бекеновтың «Күй керуені», «Қазақтың домбыра өнері» кітаптары, күйлердің шығу тарихы туралы жинақтар орын алды. Жазғы оқылым аптаның әр бейсенбі күнінде жалғасын табады.
Д.Көбекбаева,
орталық кітапхананың әдіскері