Әдеби сазды кеш
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы оқылым» жобасы аясында мәдениет скверінде «Астана-айбарымыз мақтан тұтар» атты әдеби сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты оқырмандарға Елорда -Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, ой-өрістерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, құрмет сезімдерін тереңдету. Болашақ ұрпақты отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Іс-шараны кітапхана қызметкері Ж.Әбдірахманова жүргізіп, Астананың тарихына тоқталып өтті. Кітапхана қызметкерлері Г.Қошаева Қалқаман Сариннің «Астана», Ж.Әбдірахманова «Тәуелсіз Қазақстанның Астанасы» өлеңдерін оқыса, кітапханамыздың тұрақты оқырманы А.Нұрмахан «Астанам менің» атты арнауын тарту етті. Кітапхана қызметкеркерлері Б.Қойлыбаева «Жасасын өмір» әнін әуелете шырқап, көрермендердің көңілінен шықты.
«Астана-айбарымыз мақтан тұтар» кітап көрмесі жасалып, кітапхана қызметкері Ж.Рахымжанова библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесіне Астана туралы фотосуреттер, Елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын әдебиеттер қойылды.
Шара барысында оқырмандар назарына арайлы Астанамыз жайында құнды деректер баяндалып, кітап көрмесін көшеде өтіп бара жатқан адамдар, саябақта жүрген демалушылар және кітапхана оқырмандары келіп тамашалады.