Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді

0

Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде бюджеттік процестерге цифрлық теңге енгізілуде. Бүгінгі таңда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылды. Платформа әзір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануда, жыл соңына дейін оны толыққанды іске қосу жоспарлануда.
«Жақын арада бюджет пен Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын ке­мін­де 100 ірі жобаны анықтап, оларды «цифрлық теңге» жобасына енгізу қа­жет, сол кезде біз әрбір теңгенің қайда кеткенін ашық көретін боламыз. Менің жеке өзім бюджет қаражатын игеру процесін цифрландыруға үлкен үмітім бар. Бұл бізге ақшаны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді», — деді Олжас Бектенов.
Премьер-Министр «цифрлық теңге» жобасына енгізілуі мүмкін бірқатар инфрақұрылымдық бастамаларды атады.
«Бізде Ұлттық қор есебінен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, биыл «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Осы жобаны «цифрлық теңге« арқылы қаржыландыруға қосуды ойлап отымыз. Содан кейін «Орталық-Батыс» автомобиль жолын саламыз, бұл жобаны да қосамыз. Осындай маңызды жобалардан бастау керек, өйткені ол жерлерде қыруар қаражат игеріліп жатыр. Сол себеп біз олардың ашық және тек мақсатты түрде жұмсалуына мүдделіміз», — деп атап өтті Премьер-министр.
Қазіргі уақытта Цифрлық теңге бірнеше бағыт бойынша қолданылуда. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау «Павлодар – Атырау» және «Мұқыр – Құлсары» жобаларының мы­са­лында сыналды. Цифрлық теңгені енгізу басқа бағыттарда да пысық­­талуда. Олар — жылжымайтын мүлік­пен және автокөлікпен жасалатын мәмі­лелер, мектептегі тамақтану, қым­бат тауарларды сатып алу, сондай-ақ агро­өнеркәсіптік кешендегі мемлекет­тік кредиттеу құралдары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.