Жайнай бер-Жаңатасым!

0

Тазалық акциясының қоғамның назарын, қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте аудан әкімінің ұймдастыруымен «Жайнай бер-Жаңатасым» атты тазалық акциясы жалғасын табуда.

Қала тазалығы-мәдениеттің өлше­мі. Аула мен көшелердің таза болып, жол жиектердің жасыл желекпен көм­керілуі, абаттандырылуы көзді қуан­тып қана қоймайды, тұрғындар үшін де өте маңызды.
Қала көшелерін ретке келтіруге бар­лық мекеме қызметкерлері атса­лысуда. Тазалық жұмыстарын әр ме­кеме өздеріне бекітілген орындар­да, саябақтарда, скверлерде және алаңдарда, шағынаудандарда, көп­қа­батты тұрғын үйлердің аулаларын­да жүргізді. Акция экологиялық мә­дениетті дамытуға, санитарлық жағ­дайды жақсартуға және қоршаған ор­таны абаттандыруға бағытталды.
Шаһар басшысы И. Домалақов:
-Бұл акция өз кезегінде қоршаған ортаны таза ұстауға, жастарды, жас ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке, табиғатты қорғауға деген жанашыр­лыққа үндейді. Апта ішінде барлық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме ұжымдары өздеріне бөлінген ау­мақты тиянақтылықпен, үлкен жауап­кершілікпен күл-қоқыстан тазар­тып, тазалық жұмыстарына жоғары дең­гейде атсалысты. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы шаралар жалғасады. Сіздерден азаматтық белсенділік танытып, біздің сүйікті қаламыз, үйіміз бен ауламызды абаттандыруға белсене қатысуларыңызды сұраймыз,-деді.
Иә, қала біздің ортақ үйіміз және оның таза әрі әсем болуы оның әр тұрғынына және жұмыскеріне байланысты екенін естен шығармайық.

Сәулет Есқараев,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.