Екі ағаның- Ғибратты ғұмырлары

0

1944-1945 жылдары әскерге алынып, Ұлы Отан соғысындағы жеңістен кейін елге оралып, Жамбыл облысының Сарысу, Талас, Свердлов, Қордай, Жамбыл, Байұзақ ауылдарында елмен, халықпен қалай жұмыс атқарып, еңбек еткенін, қоғам және мемлекет қайраткерлері атанған екі жауынгер ағатайларым туралы, Жеңістің 80 жылдық мерекесіне сай, олардың өмірлерін жас ұрпаққа үлгі-өнеге  ретінде еске алып отырмын.

Ұзақбай Сыздықбайұлы

Ұзақбай Сыздықбайұлы  — 1950-1952 жылдар аралығында Сарысу аудандық партия комитетінің жалпы аппарат бөлімінен бастап, партиялық жұмысты Жамбыл, Свердлов, Қордай аудандарында 2-ші хатшы, 1967 жылдан Сарысу, Байұзақ аудандық партия комитеттерінде 1-ші хатшы болып зейнеткерлік демалысына шыққан. 1970 жылы Жаңатас совхозының ашылуына зор үлес қосқан. Ақтоғай және Жаңаарық ауылдарының жан-жақты жұмыс іздеп кеткен жастарын біріктіріп, екі ауылды да өркендеп дамуына, гүлденуіне де үлесін сіңіріп, Байұзақ ауданының да 1-ші партия комитетінің хатшылықтан зейнетке шығып, осы елде ғұмырын аяқтаған майдангер ел азаматы еді. Ұзақбай Сыздықбайұлының жарқын бейнесі, ардақты есімі, мыңның сүйіспеншілігі, құрметі, кейінгі ұрпақтарының есінде!

2001 жылы Жаңаарық ауылы-ның аты, Ұзақбай Сыздықбаев ауылы аты берілді. Үлкен көше Бейсенов Құрмансейт көшесінің бойынан  Ұзақбай Сыздықбайұлы атына арналып саябақ ашылып, демалатын орындықтар орнатылып, жарықтандырылды.

Рахыжан

Ерсейтов

Рахыжан Ерсейтов – Жаңаарық колхозы, Сарысу ауданы, Жамбыл облысынан жарқырап шыққан, Ұлы Отан Соғысына 1944 жылдан -1950 жылға дейін қатысып, аман-есен елге келіп, Жон ауылдық кеңесінде хатшы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Калинин, Байқадам совхоздарында парторг, Талас аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, Жамбыл облыстық партия комитеті бірінші басшысының жауапты хатшысы, Талас аудандық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы болып, 25 жылдан астам уақыт бойы, Талас ауданы өңірін гүлдетіп, елін көркейтіп, ер азаматтарын ардақтап, сол ауданнан шыққан 56 Социалистік Еңбек Ері бар аудан Қазақстан тұрмақ, Совет Одағында болмағандығын Рахыжан ағай жаһанға жар сала жеткізіп, оларды құрметпен абыройға кенелтті.

Ағамыз Ұлы Отан Соғысының ардагері, Еңбек Қызы ту, Құрмет белгісі, Отан соғысы ордендері мен Жуков медалі, тағы басқа 17 медальдің иегері, Қазақстан XV, XXI- съездерінің делегаты, Талас ауданының Құрметті азаматы болғандығын, кейінгі жасөспірім ұрпақтарға, үлгі-өнеге болсын деп, Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне лайықты деп ұсынып отырмын.

Жұмашбек Әділбекұлы,

Тыл ардагері, ауданның Құрметті азаматы, қарт ұстаз

Leave A Reply

Your email address will not be published.