АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ- маңызды демократиялық қадам
Президенттік саяси реформалар топтамасында ауыл әкімдерін тікелей сайлау-саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Қазақстан азаматтарына тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет әкімдерді тікелей сайлауға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді қатысуға мүмкіндік берілді.
Аудан, қала және ауыл әкімдерін сайлау ел өмірінде қандай маңызға ие, сайлауда сайлаушылардың құқығын сақтау, дауыс беру мәдениетін қалыптастыру бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаевпен сұхбаттасқан болатынбыз. —
— Биылғы жылға жос-парланған ауыл әкімдерін сайлау бойынша айтып өтсеңіз?
— Ағымдағы жылы аудан бойынша 4 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы, яғни әкімдердің заңда белгіленген өкілеттік мерзімдерінің аяқта-луына байланысты тиісті ауылдық округтерде әкім сайлаулары жоспарланған. Оның ішінде Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауы биылғы жылғы 19 қаңтарда өтті.
Аудандық сайлау комис-сиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы қаулысымен Игілік ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты әкім сайлауы ағымдағы жылғы 13 сәуірге тағайындалды. Қазіргі уақытта сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар алдағы уақытта Жаңаарық және Тоғызкент ауылдық округтерінің әкім-дерін сайлау заң талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде тағайындалуы жоспарланған.
— Ауыл әкімдерін сайлау ел өмірінде қандай маңызға ие деп ойлайсыз?
-Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды демократиялық қадам деп ойлаймын. Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін нығайтып, халық-тың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтеді. Сондай-ақ, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюын арттырады.
Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі.
Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Яғни сайланған әкімдер билік пен халық арасындағы байланыс-ты нығайтуға тиіс. Бүгінде ауыл әкімдері ел игілігіне қызмет етіп жүр. Осылайша әкімдер сайлауы елдің саяси өмірінің ажырамас бөлігіне айналмақ. Әкімін өзі сайлаған халық басқару ісіне де белсене қатысатыны анық.
Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты ұстанымы және көзделген нақты мақсаттардың бірі.
-Ауыл әкімдерінің сайлауында сайлау процесін ұйымдастырушы тараптар туралы айтып берсеңіз
-Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы әкімдерді сайлаудан бастау алары анық. Сайлау процесін ұйымдастырып өткізуге негізінен үш тарап қатысады. Атап айтқанда олар: сайлау комиссиялары, сайлаушылар, байқаушылар мен сенім білдірілген адамдар және БАҚ өкілдері. Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік орган-дардың өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Сайлау комиссялары мүшелерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Рес-публикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен және өзге де заң актілерімен айқындалады.
Сайлаушылар туралы тоқ-талсақ, сайлау туралы заңға сәйкес жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығына республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтары тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына және кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан, сайлау-да дауыс беруге қатысу құқығы берілген. Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуде байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің рөлі маңызды. Жалпы, сайлау процесін ұйымдастырушылардың мақсаты бір, сайлаудың ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз ету болып табылады.
— Сайлау комиссияларының сайлаушылардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыру мақсатында атқаратын жұмыстарына тоқталып өтсеңіз
-Ақпараттандыру жұмыстары аясында сайлаушылардың сай-лауға қатысу белсенділігін арттыру үшін сайлау комиссиялары тарапынан сайлау туралы тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету және әкім болуға тіркелген кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының пәрменді жүргізілуі өте маңызды. Сайлаушыларды сайлау туралы ақпараттандыру БАҚ және соңғы жылдары әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асырылуда. Ақпараттандыру саласында әрбір сайлаушыға жеке-жеке шақыру қағаздарын тарату арқылы ақпараттар берілуде. Осы орайда айта кететін бір ерекшелік, сайлаушыға берілетін шақыру қағаздарында сайлау учаскесінің мекенжайы, дауыс беретін уақыт пен орын туралы мәліметтерден басқа сайлауға түсетін кандидаттар туралы ақпарат QR-код арқылы енгізілді. Сайлаушы шақыру қағазын алған соң, осы кодты сканерлеу арқылы тіркелген кандидаттар туралы тиісті ақпаратты ала алады. Бұл дегеніміз сайлаушының алдын-ала таңдау жасауына мүмкіндік береді.
Аудандық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау процестеріне қатысты атқарылған жұмыстарды БАҚ және әлеуметтік желілерге жариялау арқылы желі қолданушыларға сайлау туралы ақпараттарды мерзімінде жариялап отырады.
Жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы ауыл әкімдерін сайлауды енгізу жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша көптеген мүмкіндіктер берді.
Ауыл тұрғындары өз округінің қоғамдық-саяси өміріне жиі қатыса бастады, енді сайлау нәтижелері көбінесе олардың тікелей қатысуына байланысты екенін түсінді.
– Сайлау үдерісіне енген тағы бір өзгешелік-әкімдерді тікелей сайлау. Осы ретте ауданда Жаңатас қаласы және 8 ауыл әкімдері қызметке кірісті. Саяси науқан кезінде келеңсіздіктер орын алған жоқ па?
– Иә, ауыл, қала әкімдерінің сайлауынан бастау алған науқан әлі де жалғасуда. Ауданымызда 1 қала, 9 ауылдық округтің қала және 8 ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Игілік ауылдық округінің әкімінен басқа барлық ауыл әкімдерінің сайлауы болып өтті. Өткізілген барлық деңгейдегі сайлаулар заң аясында және ашықтық қағидаты негізінде ұйымдастырылды. Биыл, яғни 2025 жылы 13 сәуір күні Игілік ауыл әкімінің сайлауы өтеді.
Қазіргі таңда сайлау жүйесі демократия талаптарына сәйкес жұмыс істеп жатқанын көреген көз көріп отыр. Аудан тұрғындары еліміздің жарқын болашағына апарар жол-ол әділ, ашық сайлаудан басталатынын түсінді. Науқанға қатысу-өз өміріне, елдің келешегіне бей-жай қарамау екенін шындап ұғынды. Өйткені қазіргі сәтте кез келген сайлауда сайлаушылардың құқығын сақтау, дауыс беру мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Тіпіті ауыл әкімі болуға кандидаттардың өзін-өзі ұсынуы сайлау жүйесінің жаңарғанын, елдің қалауына болысқанын білдіреді.
Еліміздің сайлау жүйесінде қызмет етіп жүрген әрбіріміз Қазақ жұртының лайықты өмір сүруін, төрткіл дүние жұрты алдында абыройымыздың асқақтауын мақсат-мүдде етіп алғанымыз жасырын емес.
-Маңызды сұхбатыңыз үшін рахмет.
Сұхбатты жүргізген:
Камели Сүлейменова, «Sarysý»