СЕНБІЛІК БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ
АУДАНДА КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛҒАЛЫ БІРШАМА ЖҰМЫСтар АТҚАРЫЛДЫ. МҰНЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕН АНЫҚ АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ. ӘР СЕНБІДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, ТАЛАЙ ТІРЛІК ТЫНДЫРЫЛУДА. ИӘ, ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ БОЛЫП ТҰР.
Себебі, ол-айналаны қоқыс қалдығынан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игі іс. Қоршаған ортаны таза ұстау-әрбір азаматтың міндеті. Осыны қаперге алған аудан тұрғындары, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, мектеп және балабақша ұжымдары өткен сенбіде өздеріне тиесілі аумақты ретке келтіріп, ағаш отырғызып, талдарды әктеп, талдардың қураған бұтақтарын кесіп, арықтарды, айналаларын қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын ұйымшылдықпен атқар-ды. Бұл күні қала тұрғындары да үйлерінің алдында бей-берекет шашылып жатқан қоқыстарды алып, қураған шөптерден есіктің алдын тазартты. Сенбі күні әдеттегідей тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұ-мыстарының жүргізілу барысын білу мақсатында қаланы аралап көрген болатынбыз. Ең әуелі біз көргенде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері өздеріне бекітіліп берілген жерлерді қоқыстан тазартып жатқан екен. Одан кейін білім ошақтарының, бөбекжай балабақша ұжымдарының және өрт сөндіру, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мансап орталығы, аудандық аурухана ұжымдары белгіленген аумақты тазалап, талдарды әктеп, ағаштарды кесіп, түскен жапырақтарды сыпырып жүргендерінің куәсі болдық.
Қала бойынша бордюрлер ретке келтірілді. Жалпы сенбілікке 39-ға жуық мекемелер және 437 адам атсалысып, 2,6 тонна қоқыс шығарылып, 360 метр арықтар тазаланды.
Сенбілік-тазалық кепілі. Әр адам, әр ұжым сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Қала тазалығына үлес қосу-әрбір тұрғынның міндеті.
Камели Сүлейменова,
«Sarysý»