БИ БАЙҚАУЫ
Аудандық мәдениет үйінде, ауылдық клуб үйлерінің би үйірмелері арасында «Тыңда, сезін, биле» атты би байқауы өтті.
Мақсаты: балалар би өнерінің кең ауқымда өрбуіне атсалысу, ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау болып табылады.
Байқау қазақ халқының биі және еркін тақырып (әр халықтың) бойынша екі кезеңнен өтіп, әділ бағасын беретін қазылар алқалары: «Айжанқыз» халықтық би ұжымының жетекшісі, бас төреші — Күләш Байтұрсынова, «Айгөлек» балабақшасының хореографы — Назерке Балғабай және балалар шығармашылық орталығының би жетекшісі — Бота Елшібаеваның шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды.
Байқау нәтижесінде, кіші топтар арасында: l — орын Саудакент ауылдық клубынан «Балдәурен» би тобы, II — орын Ақтоғай ауылдық клубының «Гауһар » би тобы, III — орын Жайылма ауылдық клубынан «Шолпы» би тобы және үлкен топтар арасында: I — орын Ақтоғай ауылдық клубынан «Гауһар» би тобы, II — орын Арыстанды ауылдық клубы » Жұлдыз» би тобы, III — орын Тоғызкент ауылдық клубы «Балауса» би тобы, III — орын Қызылдихан ауылдық клубынан «Шұғыла» би тобы жеңісті қанжығаларына байлап, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқауда өнер көрсеткен мың бұралған өнерпаздарымызға киелі сахнаның төрінде, өнердің биік шыңынан көріне берсін, талаптарына нұр жаусын деп тілейміз!
Гүлсара Қояналиева,
аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлім меңгерушісі
Шынықсаң
шымыр боласың
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4-7 наурыз күндері Байзақ ауданындағы Ж.Үшкемпіров атындағы № 9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілген армрестлингтен кіші жасөспірімдер және жастар арасындағы (қос сайыс) Жамбыл облысы чемпионатына Сарысу ауданы құрама командасынан Балалар–жасөспірімдер орталығының «Қол күрес» үйірмесінен әр салмақ бойынша бес оқушы қатысты.
Күш сынасуға барған Елеубай Ердос ІІ орын 50 келі (ұлдар) салмақ дәрежесінде, Тұрсынбай Ислам ІІ-орын – 30 келі (ұлдар) салмақ дәрежесінде, Сарсенбай Еркінай ІІІ-орын- 40 келі (қыздар) салмақ дәрежесінде, Габдулкарим Айболат ІІІ орын-40 келі (ұлдар) салмақ дәрежесінде, жетекшілері Исмаилов Мұрат, Сейітбай Нұрсұлтан ІІІ-орын – 36 келі (ұлдар) салмақ дәежесінде, жетекшісі Асанов Асхат жеңіс тұғырынан көрінді.
Жамбыл облысы, Тараз қаласында 24-29 наурыз аралығында өтетін Қазақстан Республикасының іріктеу чемпионаты кезеңіне барлығы дерлік жолдама алды.
«Шынықсаң шымыр боласың» демекші жас спортшыларымызға білек пен жүректің, ақыл мен айла, күш-жігер сыналған сәтте мықтының мықтысы, күштінің күштісі ғана жеңіске жететінін саналарына сіңіре отырып, алдағы чемпионатта сәттілік серіктерің болсын дейміз!
БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫ