АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА, ерінбей оқып көруге…

0

«Бүгінгі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымыз бен бірегейлігімізді сақтау – аса маңызды. Жастарды кітап оқуға баулып, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту –

біздің басты мақсатымыз.  Кітап – адамның ой-өрісін кеңейтіп, рухани байытатын ең құнды құрал, оны ешбір ақпарат көзі алмастыра алмайды.»

 Ербол Қарашөкеев, 

облыс әкімі

Өңір басшысы Ербол Шырақпайұлының қолдауымен 2025 жыл Жамбыл облысында  «Кітап оқу жылы» болып жарияланды. «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында және 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай өткен аптада Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқу залында Сарысу ауданы білім бөлімінің іс-шара жоспарына сәйкес «Әулиеата-кітап оқитын өңір» атты жобасы аясында кітапханашылар Б.Сапеева мен Ж.Шымболатованың ұйымдастыруымен «Озық ойлы ұлт болудың  ең төте жолы-кітап оқу» атты  библио-кросс  болып өтті.

Іс-шараның шымылдығы 5 «б» сынып оқушыларының сахналастырған «Кітап- қымбат қазына» көрінісімен ашылды.

Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Республикалық әдеби конкурстардың 6 дүркін жеңімпазы, Халықаралық «Дарабоз» конкурсының екі дүркін  лауреаты, сол конкурстың Гран-при иегері, республикалық «Құлагер» конкурсының Бас жүлдегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Жамбыл облысының Құрметті ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жазушы Пернебай Дүйсенбин, мектеп директоры Кенжекүл Сәрсекова және оқытушылар, кітапханашылар, оқушылар қатысты. «Озық ойлы ұлт болудың  ең төте жолы-кітап оқу» атты  библио-кроссингтің және мектепте кітап оқу жылының салтанатты ашылу кешінде білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов сөз сөйлеп, мектеп директорына кітаптарды кітапханаға сыйға тартты.

Мұнан соң жазушы П.Дүйсенбин сөз сөйледі. «Қазіргі заман ұялы байланыстың заманы. Көп жастар кітап оқығаннан гөрі телефонға шұқшиып, мән-мағынасы жоқ видеоролик, киноларды көргенді ұнатады. Сондай-ақ  ұялы телефонға үңіліп, әдеби шығармадан гөрі желідегі жазбаға жаны жақын ұрпақтың дәуірі келді. Бұл әрине заман ағымына қарай қалыптасып жатқан құбылыс екені түсінікті. Бірақ кітап атты құнды қазынаға қалың көпшілікті тартуымыз, үйретуіміз керек. Адамзаттың алыбы Абай атамыз айтқандай: «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге…» кітап оқудан жалықпайық,-деді.

Сонымен қатар, естеріңізге сала кетсек осы білім ордасының оқушылары 9 «в» сынып оқушысы  Нұрмахан Асқар, 10  «ә» сынып оқушылары Жақсылық Айша, Мұхтарқызы Жансая, Марат Торғын облыста өткен «Әулиета-кітап оқитын өңір» атты жоба аясында  «Ой шебері» зияткерлік ойынында 1-орынды иеленген болатын. Осы жеңімпаз оқушыларды жеңістерімен құттықтап, өз қаламынан туған кітаптарды сыйға тартты. Сонымен қатар кітапханашы Б.Сапиеваға да бірнеше кітаптар-ын кітапхана қорына сыйлады.

Осы айтулы күнге орай ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әйгерім Махашева, бастауыш пәнінің мұғалімі  Мейрамкүл Мақұлбекова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжамила Тұрлыбековалар да кітапханаға өз үлестерін қосса, 2 «ә» сынып оқушылары «Кітап-білім бұлағы» өлеңін кітапхананың кішкентай оқырмандары мәнер-леп оқыды. Ал, 6 «ә» сынып оқушылары «Жүр, досым, кітапханаға», 4 «а» сынып оқушылары «Кітап-руханияттың алтын қазығы» атты арнау өлеңдерді нақышына келтіре оқыды.

«Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында  жыл бойына кітап оқу жылын ұйымдастыру мақсатында  «Мұхтар Әуезов-кітап оқитын мектеп» жобасы оқырмандарына жол тартты.

Байқаудың максаты: жерлес ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын насихаттау, кітап оқуға баулу, ой-өрістерін кеңейту, оқу сауаттылығын арттыру. Жыл ішінде мектепте ең үздік оқырмандарды анықтау, жазушы                    Арғынбай Бекбосынның  шығармаларын насихаттау, жастардың өңірлік оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіруге ықпал жасау.

Аталған байқауға Арғынбай Бекбосынның шығармаларын оқу ұсынылды. Мектеп ұжымы мен 2-11-сыныптар арасында ұйымдастырылады.

Арғынбай Бекбосынның шығармаларын оқып, байқауға белсенділік танытқан «Үздік оқырман», «Үздік мұғалім», «Үздік сынып», «Үздік бірлестік» атты орындармен мамыр айында қорытындылайтын болады.

Іс-шара барысында күмбірлеген күйлер тартылып, әуелете әндер шырқалды.

Асыл қазына-

ол кітап

«Жаңатас қалалық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
14 ақпан күні біртұтас тәрбие аясында балалар орталық кітапханасында халықаралық кітап сыйлау  күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» челлендж ұйымдастырылды. Әрбір тәрбиеленуші өзі қалаған кітапты таңдап, өзінің ыстық ықыласын жеткізе отырып, балалардың біріне ұсынып, кітап оқуларына себепші болды.
Тәрбиеленушілерге кітап  оқуға ынталандыру,  кітап сыйлау дәстүрін жандандыру, кітап әрқашан  құнды сыйлық екені  ұғындырылды.
Мерекенің қағидасы бойынша кітапханашы Әсем Тұрсынбай   тәрбиеленушілерге сұрақ-жауап арқылы ойындар ойнатып, бейнефильм көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.