АУҒАННЫҢ ОТ ЖАЛЫНЫ

0

1989 жылы ақпан айының 15 күні талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қ аза  тапқан қасіретті де, қайғылы

«Ауған соғысы»  аяқталды. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер ерлікпен қаза тапса, кейбірі хабар-ошарсыз кетті. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына

 36 жыл толып отыр.

Апта ішінде  аудандық  орталық кітапханада аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық  іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу-ға арналған «Біз-Ауған соғысының ардагерлері-салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты ұранмен дойбы және шахмат спорт түрлерінен аудандық жарыс өтті.

Жарыста аудандық бұқаралық спорттық  іс-шараларды өткізу орталығының директоры А.Ниязов, аудандық  ауған соғысының ардагерлері кеңесінің  төрағасы М.Сыздықбаев сөз сөйлеп, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күнімен шынайы құттықтап, соғыс қимылдары барысында кеңес жауынгерлері, соның ішінде сарысулықтар да өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындады. Ерлік пен батылдықты абыроймен көрсеткен әрбір ардагерге шын жүректен алғысын білдіріп,  зор денсаулық, амандық және тәуелсіз еліміздің өркендеуін тіледі.

Сонымен қатар ардагерлер шахмат және дойбыдан бақ сынады. Айтулы күнде жеңімпаз ардагерлер ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медальдармен марапатталды.

***

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, ауған соғысында намысы жоғары, интернационалдық борышын адал өткерген азаматтардың ерлігін насихаттау мақсатында   Ақтоғай орта мектебінде «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағаты өткізілді. «Ауған соғысы жүректерге жара салды» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 8-11 сынып аралығында спорттық шаралар, 7-8 сынып оқушылары «Ауғанның от жалыны» тақырыбында эссе жазып, ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Боздақтарды қыршыннан қиған жалын» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында  ардагерлермен кездесу өткізілді.

Ауған соғысына қатысқан азаматтарымыз Шукеев Боранқұл, Балапанов Еділбай, Жексенбин Өмірзақ  ағайлар шақырылып, елін, жерін қорғаған  азаматтарымызға арналған кездесу кеші болып өтті. Кеште ардагерлер Ауғанстан жерінде болған оқиғаларымен бөлісіп, болашақ ұрпаққа бейбітшілік өмір тілеп, лебіздерін білдірді.

***

«Заң және тәртіп» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жаңатас көпсалалы кол-леджінде «Тәртіпті жас-тар – қауіпсіз қоғам!» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа пробация қызметінің есебінде және колледжішілік есепте тұрған білімгерлер қамтылды.
Шараның мақсаты жастар арасында тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Эстафеталық жарыста білімгерлер топтарға бөлініп,  7 кезең бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда жылдамдыққа жүгіру, теннис добымен жүру, арқан тарту, доппен секіру, кедергілерден жүгіріп өту,  автоматты шашу және жинау.
Шараға аудандық  ауған соғысының ардагерлері, Жаңатас қалалық  Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ардагерлері, қала әкімінің орынбасары және Жаңатас көпсалалы колледжінің мамандары  қатысып, төрелік етті.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталды.

С.рысбекұлы,

 «Sarysý» 

Leave A Reply

Your email address will not be published.