ОҚУ СЕМИНАР

0

2025 жылдың 11 ақпанында Сарысу ауданында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен  «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.

Жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, жастар ресурстық орталығының, аудандық жергілікті полиция қызметінің  өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиынды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов  ашып, оқыту-семинардың мақсаты сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты біліктілікті арттыру, оның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау барысында қолданылатын барлық заңнамалық нормалар мен тәртіптерді түсіндіру  болатынын айтып өтті.

Шараның алғашқы кезеңінде комиссия мүшелері тест тапсырды, онда олардың сайлау туралы түсініктері анықталды. Семинар барысында Сарысу аудандық сайлау комиссиясының мүшелері әртүрлі тақырыптар бойынша дәрістер оқып, практикалық жұмыстар жүргізді. Әрбір тақырып бойынша талқылаулар мен кейстік сұрақтар өткізілді, ал тақырыптың қорытындысын Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері жасады.

Оқыту-семинардың бағдарламасында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:

  1. «Қазақстандағы сайлау жүйесін трансформациялау барысы, жалпыға бірдей сайлау құқығы» және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша процестегі ерекшеліктері туралы» — Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов.
  2. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауын даярлау мен өткізу барысындағы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі туралы» — Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы М.Кеңесов.
  3. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну және тіркеу» және «Әкімдікке кандидаттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкесітігін тексеру туралы» — Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Л.Ерсейтова. Қорытындылаушы облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев.
  4. «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлаушылардың құқығы», «Сайлау алдындағы үгіт, байқаушылар, сенім білдірген адамдар туралы» және «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі» Л.Ерсейтова. Қорытындылаушы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков.
  5. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» және «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы» — Сарысу аудандық сайлау комиссиясының мүшесі А.Ұзақбай. Қорытындылаушы облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев.
  6. «Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру туралы»  және «Кандидат-тың қаржыны жұмсаудың және олардың нақты мөлшерлеріне негізделген алгоритмі»  — Сарысу аудандық сайлау комиссиясының мүшесі А.Дәуренбекқызы. Қорытындылаушы  облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Амангелді.
  7. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша дауыс беру және дауыс беру тәртібін айқындау тәртібі» туралы — Л.Ерсейтова. Қорытындылаушы облыстық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Т.Жамалов.
  8. «Жанжалды жағдайларды басудың медиативті технологиялары» туралы — Сарысу аудандық сайлау комиссиясының мүшесі А.Утеева. Қорытындылаушы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков.
  9. «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік туралы» және «Төтенше жағдай және арыз-шағымды қарау алгоритмі туралы» — облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Е. Жапаров.

Семинар барысында барлық қатысушылар дауыс беру мен дауыс беру қорытындыларын айқындау тәртібі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау нәтижелерін жариялау, сондай-ақ дауыс беру кезінде туындайтын жанжалдарды шешу үшін медиативті технологиялар мен басқа да маңызды тақырыптар бойынша ақпарат алды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды, бұл олардың сайлау процесі бойынша алған білімдерін растайтын құжат ретінде беріледі.

Қорытындылай келе, бүгінгі оқыту-семинардың маңызы зор болды. Сайлау комиссияларының мүшелері өздерінің кәсіби деңгейін арттырып, болашақта өткізілетін сайлауларды әділ әрі дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті дағдыларды меңгерді.

Сарысу аудандық

сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.