Сел болған жағдайда не істеу керек?
Сел (сел жүру) – қатты жаңбыр немесе қардың тез еруі нәтижесінде тау өзендерінің бассейндерінде кенеттен пайда болатын су, құм және тас қоспасы аралас ағатын, үлкен жойқын күштің ағыны.
Сел қаупі бар өзендердің арналарына барған кезде:
- Егер жоғарғы ағысында қатты нөсер байқалса, сел қаупі бар арнадан шығыңыз.
- Ол жерде демалысқа тоқтамаңыз және сел қаупі бар арналардың жанында, көл бөгеттерінде және олардың астында шатырлы лагерь құрмаңыз.
- Тік жартастар мен тік беткейлер-дің жанында тоқтамаңыз — сел тастардың құлауын тудыруы мүмкін.
- Сел тасқыны белгілері анық-талған кезде дереу арнадан тау баурайы бойынша жоғары қарай көтеріліңіз.
- Жылжымалы сел ағынына 50-70 метрден аса жақындамаңыз.
- Сел бөлігі өткеннен кейін сел арнасына түспеңіз.
А.Мелдеев,
Сарысу ауданы ТЖБ бастығы