ТАҒАЙЫНДАУ

0

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес, Сарысу ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы №6 өкімімен Борсықов Дүйсенәлі Қыдырәліұлы Түркістан ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Борсықов Дүйсенәлі Қыдырәліұлы – 1967 жылдың 10 қаңтарында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ә.Бүркітбаев ауылында дүниеге келген.
1984-1989 жылдары Түркістан қаласындағы индустриялды педагогикалық техникумын және 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Кәсіптік білім» мамандықтары бойынша бітірген. 1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын өтеген.
Еңбек жолын 1983-1984 жылдары Түркістан совхозында жұмысшы болып бастаған. 1989-2001 жылдары Түркістан ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде нұсқаушы;

2001-2007 жылдары осы мектептің еңбек пәнінің мұғалімі;

2007-2013 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2013-2016 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2016-2019 жылдары  Түркістан ауылдық округінің әкімі;

2019-2023 жылдары Жаңатас қаласының әкімі;

2023 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Сарысу аудандық Мансап орталығының директоры қызметін атқарған.

Отбасылы. 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.