ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында елімізде сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын. Осы саяси реформа аясында 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау

механизмі іске қосылды.

Содан бергі уақыт аралығында көптеген елді мекенінде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Әлі де бұл демократиялық үрдіс өз жалғасын тауып келеді.

Өткен аптаның жексенбісі күні Түркіс-тан ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті. Түркістан  ауылдық округіндегі  №386-387 сайлау учаскелерінде ауыл тұрғындары таңғы сағат 07.00-ден бастап белсенді түрде дауыс  берді.

Бұл жолы жұрт болып жұмылып дауыс берген ауыл әкімінің сайлауы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Үшбас, Қаратас елді мекендерінің тұрғындары да белсенділік танытты.

Түркістан ауылындағы «Мейірлан» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамхан Дүтбаев (суретте) өз сөзінде:

— Жаңа сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері, міне, бүгін халықтың дауыс беруі арқылы сайлануда.

Мұндай өзгерістер билік пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайта түспек. Қарапайым тілмен айтқанда, жолдардың сапасы, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамытудағы әкімдердің қызметіне жергілікті тұрғындар өз ұсыныстарын айта алады. Халықтың әкімді өздері сайлауы қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің  жұмысының жақсаруына әкеледі. Қалай болғанда да, қоғамда оң өзгерістер орын алады деп ойлаймын. Сәттілік. Кейінгі ұрпақтар үшін де ашықтық пен нақтылық қажет. Осыны ескерген Президентіміздің сарабдал саясаты өте дұрыс қадам болды,-деді. Сайлау барысында қарт және ең жас сайлаушыларға сыйлық берілді. Сонымен қатар, ауданның «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің тәуелсіз байқаушылары да сайлау барысын қалт жібермей қадағалап отырды.

С.есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.