САРЫСУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

0

Арнайы ұйымдастырылған сапарға  ауданның 20-ге жуық ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері жаңарып, түрленген түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласын аралады.

Бұл игілікті шара аудан әкімдігі ішкі сая-сат бөлімінің ұйытқы болуымен,  сондай-ақ, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесінің ықпалымен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылды.

Ардагерлер ең әуелі Баба түкті Шашты Әзіз кесенесіне атбасын бұрып,  Түркістан қаласының «Сапар орталығынан» бастап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті.

Содан кейін санғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін «Ұлы дала елі» орталығы мен «Алтын Самұрық» ғимараты ішіндегі ұшатын театрды тамашалады. Сондай-ақ «Керуен сарай» кешеніне саяхат жасады.

Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көруге келген ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері және ардақты аналар аз уақыт ішінде рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адам танымастай өзгергенін айтып, ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді. Түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді.

Сәулет есқараев, 

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.