ЭКОНОМИКА САЛАСЫНА САЛМАҚ ТҮСПЕЙДІ
АЭС-бойынша насихаттау бағытында жұмыстар жүргізуде. Президент Жолдауында айтылған АЭС референдум бойынша Әлемдік деңгейдегі энергия тапшылығын ескерсек, атом электр станциясының салынуы елімізге жақсы мүмкіндік.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында 6 қазанда АЭС бойынша референдум өтетінін мәлімдеп, бүкіл халық боп байыппен қарайтын іс екенін айтты. АЭС салынатын болса энергия алуда экономика саласына салмақ түспейді. Оның үстіне елімізде атом станциясына қажетті отын – уран өндірісі жолға қойылғанын тиімді пайдалануға болады. Сонда қуат көзі жеткілікті болып, көрші елдерге кіріптар болмаймыз дейді.
Ал атом электр станциясы түтін бөліп, күл шығармайтындықтан экологияға да зияны жоқ. Еліміз бойынша атом реакторы жұмыс істеп тұрса, тоқ көзі толық жетеді.Атом электр станциялары электр энергиясын тұрақты түрде өндіре алады, бұл әсіресе өнеркәсіптік аймақтар мен халық тығыз орналасқан елдер үшін маңызды етеді.
Сонымен қатар, атом электр станциялары парниктік газдарды минималды мөлшерде шығарады, бұл климаттың өзгеруімен күрес үшін маңызды фактор етеді. Жел немесе күн энергиясынан айырмашылығы, атом электр станциялары ауа райы жағдайларына тәуелсіз, үзіліссіз жұмыс істеп, электрмен қамтамасыз етеді.
С.КУЖАНАЗАРОВА,
Сарысу ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрайымы
Тиімді бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауын жариялағаны белгілі.
Президент Жолдауында алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстардың нақты бағдарын атап көрсетті.
— Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды. Бізге сапалы тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажет, — деп атап өтті Президент. Қасым-Жомарт Кемелұлы ел болашағына қатысты мәселелерге келгенде әрдайым халықтың пікірін ескереді. Бұған біз тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Бұл ретте еліміздегі саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс. Бүгінгі Жолдаудан түйген басты ой – тиімділік. Біз осы тапсырмалардың бәрін жүйелі әрі тиімді орындасақ қана оң нәтижеге қол жеткіземіз.
С.НИЯЗОВ,
№26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры