ЖАСТАР САЯСАТЫ ІСКЕ АСУДА

0

Аудандық «Жастар ресурстық орталығының»   қызметкерлері  Аудан орталығынан шалғай орналасқан шу бойындағы Қамқалы ауылдық округіне барып, жастарды әскерге шақыру, мемлекеттік түрлі бағдарламаларды түсіндіру, ерікті жас-тар ардагерлердің үйіне барып үй шаруасына көмектесу,»ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ең әуелі  аталмыш мекеменің қызметкерлері  округ тұрғындары арасында жастарды әскерге шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды. Нәтижесінде Шығанақ ауылының тұрғыны әскерге баруға ниет білдірді.

Одан кейін  ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бірқатар ауыл жастары “Дипломмен ауылға” бағдарламасына қатысуға және “Жас-тар практикасы” бағдарламасымен жұмысқа орналасуға ниет білдірді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында  Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жастар ауыл көшелері мен қоғамдық орындарды, мешіт аулаларын қоқыстардан тазартып, волонтерлік бағытта  ерікті жастар   Шығанақ ауылының тұрғыны Баушенов Ахметжан қарияның үй  ауласын тазартып, үй шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті. Қол ұшын созып, көмектескен  жастарға ауыл қариясы ризашылық сезімін білдіріп,  ақ батасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.