Адам жанының инженерлері

0

Гиппократтың антына берік, Еуропаға Авицена атымен, яғни жиырма бірінші ғасырдың тілімен айтқанда «Адам жанының​ инженері» — ақ халатты абзал жандар, Халықаралық дәрігерлер күні кәсіби мерекесінің маңызы зор.

«Бүкіл әлемдегі байлық пен дәулеттің атасы- денсаулық» — деп, бекер айтылмаған. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаған сәтте кез — келгеніміз ақ халатты абзал​ жандардың шипалы алақандарына зәру болып, дәрігерден дертімізге- шипа, жүрекке жылы сөздер алып, жанымызға араша тауып жатамыз.

Аптаның бейсенбісі күні аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Жиынға аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы О.Мұқашев, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, аудандық медицина саласының қызметкерлері, мекеме, бөлім басшылары мен жастар өкілдері қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы барша медицина саласының мамандары мен сала ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, отбастарына амандық, дендеріне саулық тілеп, адам жанына араша болуда аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар мамандарға Қ.Р. Денсаулық сақтау Министрлігінің  Алғыс хаттарын, Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын, ауданға еңбегі сіңгені үшін медалін,  аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын тапсырды. Мұнан кейін аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Оңласын Мұқашев та ізгі тілегін жеткізіп, ақ халатты абзал жандарды аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сала ардагерлерін «Сарысу ауданының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттаса, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты М.Пірімбек барлық сала мамандарына жылы лебізін білдіріп, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарын тапсырды. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Каликова Айнұр көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын білдіріп, барша әріптестерін мерекемен құттықтап, 60, 50 жас мерейтой иелеріне​ «СЕНІМ Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық, кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының қаржылай сертификаттары мен бағалы сыйлықтарды тапсырды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете ән шырқады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.