ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

0

Мамыр айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда Химиктер күні ретінде белгілі Химия өнеркәсібі қызметкерінің күні атап өтіледі. Химиктер күні – кәсіби мамандарды, студенттерді, аспиранттарды, оқытушыларды және барлық буын түлектерін біріктіретін

мереке.

Бүгінгі таңда елімізде өнеркәсіпті дамыту, өнім сапасын арттыру, қазіргі заман талабына сай өндіріске жаңа технологияларды енгізуге, өндіріс орындарын ашуға баса назар аударылып келеді. Бұл бағытта химия өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің алар орны ерекше.

Аудан өнеркәсібінің негізін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» компаниясы құрайды. Бұл химия саласының алыптары ауданда ғана емес, облыста тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Апта ішінде «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің алдында кешеннің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада  «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Серік Тұрысбеков, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені кәсіподақ ұйымының төрағасы Ізбасар Абилғазиев, бас энергетик Н.Прекешов кәсіби мереке иелерін құттықтап, еңбекте үздік жетістіктерге жетіп жүрген кеншілерді салалық төс белгілермен,  грамоталары, спорт саласында үздік спортшыларға  марапаттар, қаржылай сыйлықтар тапсырып,  дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі.

С. Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.