Баспасөз-өмір айнасы
Газет оқу-зиялылықтың белгісі. Ахмет Байтұрсыновтың: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Аудандық кітапхананың библиография бөлімінің ұйымдастыруымен 2 ақпан-Ұлттық баспасөз күніне орай «Баспасөз-өмір айнасы» атты мамандар күні өтті.
Кез келген мамандық иесінің жұмысына қойылатын талап-сапа. Осы тұрғыдан алғанда журналистің жұмысы өткір де сапалы, әрі тілдік тұрғыдан да мінсіз болуы тиіс деген талап бар. «Қазпошта» аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына өзінің сүбелі үлесін қосып келе жатқан, қала мен ауылдық елді мекендерде пошталық қызметін көрсетіп келеді.
Іс-шараға «Сарысу» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазпошта Сарысу аудандық акционерлік бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Басқосу барысында кітапхана қызметкері Луиза Рахымбаева баспасөз күнінен ақпарат берді. Бұл күн 1913 жылы бастауында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және басқа да ұлт зиялылары тұрған «Қазақ» газетінің бірінші саны жарық көрді. Бүгінгі таңда баспасөз басылымдары отандық публицистиканың үздік дәстүрлерін сақтай отырып, объективті ақпараттың сенімді көзі болып отыр. Газет қызметкерлері, редакторлар, баспагерлер білім мен мәдени мұраны баспа сөзі арқылы жеткізіп, аналитикалық материалдардың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Ауданымыздың төлбасылымы «Sarysý» газетінің халық пен биліктің арасында жүрген тарихы тамырлы газет. Газет бетінде жаңалықтардан бөлек, өңірдің тарихына байланысты мақалалар, белгілі тұлғалар туралы материалдар үздіксіз шығып тұрады. Міржақып Дулатов: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» дегендей. Газет оқу-үлкен мәдениет. Газет арқылы халық елдегі және әлемдегі жаңалықтарды біліп қана қоймай, оларды түсінеді, өз пікірін қалыптастырады. Газет қоғам өмірінде маңызды орын алады және оның рөлі ешқашан төмендемейді. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Тұрғынай Тұрғанбекова, Цифрландырылған ақпараттық орталық бөлімінің қызметкері