ҰРЛЫҚ-ТҮБІ ҚОРЛЫҚ
Аудандық сотта адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтеннің мүлкін ұрлау (ҚК 188 б. 2 б. 1 т.) бойынша айыпталған «К», «Ж», «М», «А».-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
2023 жылғы желтоқсан айында «ГПК Казфосфат» ЖШС-де қауіпсіздік қызметінің жетекші маманы «К»пайда табу мақсатында бөтен мүлікті жасырын жымқыруды ойластырып, өзінің танысы «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің Ұсақтау-сұрыптау фабрикасының учаске басшысы «Ж» хабарласып, бірге аталған фабриканың темір бұйымдарын ұрлауға өзара жоспар құрып, адамдар тобы болып алдын-ала сөз байласқан.
2023 жылғы 16 желтоқсанда сағат 18:40 шамасында «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-ның учаске басшысы «Ж» «К»-мен жолығып, «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-ның темірін ұрлауға екеуі өзара «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің аумағына бекеттерден қалай өтетіні туралы жоспар құрған. Жос-пар бойынша «К» барлығына өзі жауап беретінін айтқан. Сөйтіп «К» пен «Ж» өздерінің «Н» есімді танысының және оған тиесілі «»КамАЗ» маркалы автокөлігін 30000 теңгеге жалдап қойған. Осыдан кейін, «Ж» «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-ның аумағынан темірді артып шығуға «Казфосфат» ЖШС-нің аға шебері «М» ұялы телефонына хабарласып, жолыққан. «Ж» «М»-ға «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-нан темір ұрлап шығу керектігін және барлығына «К» көмек беретінін айтып, екеуі «К»-мен әрмен қарай жасалатын заңсыз әрекеттерді жасауға жоспар құру үшін жолыққан. Өз кезегінде «К» «Қ»-ға «Казфосфат» ЖШС-нің аумағында қылмыстың алдын алуға бағытталған маңызды іс-шара болып жатқанын жалған айтып, сол үшін «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-ның аумағына кіретін «КамАЗ» маркалы автокөлігін еш кедергісіз кіргізіп жіберуін айтып, сендірген. Осыдан кейін, «Ж» «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-нан темір ұрлап шығуға мүмкіндіктері ашылып, «КамАЗ» маркалы жүк көлігі бекеттен еш кедергісіз өтіп, темір бұйымдарын ұрлап шығуға автокөліктің бар екеніне көз жеткізіп, «Ж» мен «М» «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-ның механигі «А»-ға ұялы телефон арқылы хабарласқан. Содан үшеуі жолығып, сол жерде «А» «КамАЗ» маркалы автокөлігіне отырып, соңғы тұлғаның қылмыстық пиғылынан бейхабар жүргізушісі «С» -мен «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-нан темір бұйымдарын ұрлауға барған. Осыдан кейін, «А» және жүргізушісі «С» екеуі «КамАЗ» маркалы автокөлігімен «ГПК Казфосфат» ЖШС-нің ҰСФ-ның аумағына №17 бекеттен еш кедергісіз өтіп, аумаққа еркін жолмен кіріп, жинаулы тұрған жалпы құны 694 350 теңге тұратын, салмағы 7715 килограмм болатын 2 дана «1273.07.307» маркалы қозғалмайтын сауытын, 2 дана «1272.05.203-1СБ» маркалы конус сауытын, 1 дана «ПП-1-24» маркалы катогын жоғарыда аталған жүк көлігіне артып, келген жолдарымен қайтып кетіп, «Жұмабек» темір қабылдау бекетінде «Казфосфат» ЖШС-нің қауіпсіздік департаментінің қызметкері «С»-мен ұсталған.
Прокурор 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші бас бостандығынан айыруға байланыс-ты емес жаза тағайындауды сұрады. Сотталушылар өздерінің кінәсін толық мойындап, жасаған істеріне өкініп, жазаны жеңілдетуді сұрады.
Дәлелдер бойынша, сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді. Соттың шешімі бойынша сотталушылар «К», «Ж»,«М», «А» Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған әрқайсысынан екі жүз айлық есептік көрсеткіш, яғни 690000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
«Sarysý-Aqparat»