Алға қойған мақсатымыз-ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ

0

Қазіргі таңда Жаңатас қаласы күннен-күнге құлпырып, қайта жанданып келе жатыр. Жақын болашақта қала маңында мемлекеттік маңызы бар ірі жобалар дайындалып, жүзеге асырылмақ…

Қала тұрғында-рының басты жұмыс көзі — аймақта орналасқан кен орындары. Жергілікті халықтың басым көпшілігі осы өндіріс орындарында еңбек етеді. Солардың ішіндегі ең беделдісі әрі белгілісі «Қазфосфат» тау-кен өңдеу кешені.

Бұл салада мыңдаған адам экономиканың өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Иә, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан кен орны өнімді еңбектері ұшан-теңіз. Тау қопарып, тас жарған кеншілердің еңбегі орасан зор.

Көп жылдан бері еліміздегі химия өндірісінің көшбасшысы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз әлеуетін ұлғайта отырып, фосфор кенін шығаратын алып еңбек ордасына айналып үлгерді.

Қазіргі таңда «ГПК Казфосфат» ЖШС кешенінде барлығы — 1799 қызметкер жұмыс жасайды. 2023 жылға жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 400 724 теңгені көрсетсе, ағымдағы жылдың бүгінгі күніне 404 029 теңгені құрап отыр. Жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру мақсатында, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап арнайы бұйрыққа сәйкес барлық қызметкерлердің жалақысына 50 000 теңгеден және шілде айынан бастап тағы 30 000 теңгеден қосымша ақы қосылды.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Көксу кенішінің қызметкерлеріне 21 000 теңгеден, ал қалған цех қызметкерлеріне 10 500 теңгеден тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қайту үшін жол жүру ақысы төленуде. Өткен жылдың сәуір айынан бастап карьерде қызмет атқаратын жұмысшыларға ай сайын 15 000 теңгеден және Көксу кеніші мен Автокөлік цехының карьер маңында қызмет атқаратын жұмысшыларына ай сайын 7500 теңгеден төленуде.

Қызметкерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында «Көктал» емдеу-сауықтыру кешені жұмыс жасауда. Қызметкер төлейтін ақша 17 000 теңге, кәсіподақ ұйымы 23 000 теңге, компания тарапынан 130 000 теңге бөлінеді. Сонымен қоса жыл сайын кәсіподақ ұйымы тарапынан 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 564 әйел жұмысшыға 5000 теңге сыйақы және қасиетті Ораза айының қарсаңында 358 отбасыға 20 000 теңгелік сертификаттар үлестірілді. Ал, зейнеткерлікке шыққан ардагер жұмысшыларға «Көктал» емдеу-сауықтыру кешеніне бір реттік тегін жолдамалар берілді.

Жыл сайын «Химия саласының қызметкерлері күні» мен «Шахтерлар күні» мерекесіне орай қызметкерлерге ақшалай сыйақылар мен озат қызметкерлерге бағалы сыйлықтар (тоңазытқыш, теледидар, ноутбук, кілем, мұздатқыш) берілуде.

Мекемеде арнайы мерекелерде әр түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар үнемі өткізілуде. Кәсіподақ ұйымы тарапынан жүлделі орындарға 1 110 000 теңге көлеміндегі сыйлықтар тапсырылды. Өндірістегі барлық қызметкерге 2022 жылдың тамыз айынан бастап екі мезгіл тегін түскі ас берілуде. Қызметкерлерге жайлы, ынғайлы, жылы болу үшін өндіріс орнына дейін және кері қайтуға үлкен сетра автобусымен жұмысшылар тасымалданады.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, кешеннің барлық өндірістік ғимараттарында орналасқан әжетханалар мен жуыну бөлмелері толық күрделі жөндеуден өтуде.

2022-2023 жылдары аралығында кешеннің жылдық өндіріс жоспарын орындау мақсатында кешеннің автокөлік цехтары мен тау-кен учаскелері: 4 бірлік шынжыр табанды «Shantui SD-32» мен «T-35.01» маркалы бульдозерлері, «ТК-25» маркалы доңғалақты бульдозер, автогрейдер «САТ-150», «JK-590» маркалы бұрғылау қондырғысы, 7 бірлік «Howo» жүк көлігі, 2 бірлік «Хитачи ZV 310-51» маркалы жүк тиегіші, шынжыр табанды «ЕХ-1900» маркалы 12 метр текшелі экскаваторы, карьерді шаңнан тазартуға арналған «БелАЗ-76470» маркалы ауыр жүк көлігі, ауыз сумен қамтамасыз етуге, жанар-жағар май тасымалдауға, өрт сөндіруге арналған «КамАЗ» автокөліктері мен басқа да жаңа жеңіл және тау-кен техникаларымен толықтырылып, жаңартылды.

2023 жылдың желтоқсан айында жару жұмыстарына арналған жарылғыш емес заттарды дайындайтын Порэмит зауыты қайта цех болып жанданып, күрделі жөндеу жұмысынан өтіп, қайта іске қосылды. Қазіргі таңда 15 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуда. Порэмит цехының көмегімен кешен карьерінің тау-кен жыныстарын жару жұмыстары тиімді жүзеге асырылуда.

Әлеуметік серіктестік аясында Қызылдихан елді мекені Құртты бұлақ өзенінің дамбасын күшейту, Жаңатас спорт мектебінің тренажер залын жарық шамдармен қамту, Жайылма ауылдық округіне қарасты Ақтам, Бестам, Исабай өзен дамбасын күшейтуге арнайы техникалар бөлу, Қызылдихан ауылындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын тазарту үшін арнайы самосвал жүк көлігі, арнайы тиегіш техника (погрузчик) техникаларымен тағы да басқа жұмыстармен қамтамасыз етілуде.

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық қызметкерлердің айлық жалақысына (оклад) 5% қосылды және аталған жылдың 1 шілдесінен бас-тап тағы да 5 % көтеру жоспарлануда.

Осылайша, еліміздегі шағын қалаларды дамыту бағдарламасы тек қалаларды ғана емес, сонымен қатар сол төңіректегі елді мекендерге, ауылдарға жаңалық әкелетіні сөзсіз. Ел Үкіметі қабылдаған бағдарлама шағын қалаларды дамытуға ерекше серпін береді деген сенім мол. «Қуатты Қазақстан дегеніміз — ең әуелі өңірлердің қуаттылығы» деп Мемлекет басшысы өзі атап көрсеткендей, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі шағын қалалардың да гүлденіп, көркеюімен тығыз байланысты болып отыр.

Ә.Төлеутаев,

 техникалық бөлім бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.