КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ
Қамқалы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың қатысуымен комиссия отырысы өтті. 2024 жылғы 13 мамырда Сарысу аудандық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті.
Комиссия отырысына 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қамқалы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысын аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Л.Ерсейтова ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша айтып өтті.
Аталған ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, комиссия мүшесі А.Утеева тіркелген кандидаттарға «Қазақстан Рес-публикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының сайлау алдындағы үгітке байланысты 27-32 баптарының тармақтарына тоқталып, осы заңның 113-5 бабының 11-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар анықталса аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоятындығы туралы ескертіп, осы заңның 50- бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені жөнінде айтып өтті.
«Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру» тақырыбы бойынша комиссия мүшесі А.Дәуренбекқызы тіркелген кандидаттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кандидаттардың қойылған сұрақтарына жан -жақты жауап берді.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясы