АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ
аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында Сарысу ауданы білім бөлімі басшысының 2023 жылы атқарылған жұмыстары және 2024 жылға міндеттері туралы есебі тыңдалды.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Ш.Мұсабеков, аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті және жергілікті полиция бөлімінің басшысы, қоғамдық кеңес мүшесі, қалалық ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы және білім бөліміне қарасты аудандағы 48 білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Жиында аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлдана Кабулова хабарлама жасады:- Білім бөліміне қарасты 48 мекеме жұмыс жасауда. Оның ішінде 27 мектеп, 9 қосымша білім беру ұйымдары, 11 балабақша (8 мемлекеттік, 3 жекеменшік нысанда) және 1 психологиялық педагогикалық түзету кабинеті. Сонымен қатар, 2 мектеп жанындағы интернат, 1 ресурстық орталық, 13 шағын орталық бар. Білім бөлімінің құрылымы 4 мемлекеттік қызметкер және орталықтандырылған бухгалтерия, әдістемелік кабинетпен қалыптасқан. 27 мектептің 22 орта, 4 негізгі,1 бастауыш мектептер, аталған мектептердің 2 мектеп-гимназия, 1 мектеп лицей. Жаңа оқу жылын 560 сынып, 9089 оқушымен бастап қазіргі таңда 9061 оқушы білім алуда. Жаңа 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа 894 бала қабылданды. 27 мектептің 17 типтік, 10 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Жалпы 27 мектептегі жобалық қуаттылығына сәйкес орын саны 13753. Мектепке орын тапшылығы жоқ. Мектепке дейінгі 24 мекеме бар. Ондағы 11 балабақшада 1475 бала, 13 шағын орталықтарда 438 бала, барлығы 1913 бала тәрбиеленуде. (қала-1198, ауыл-715). 11 балабақшаның 8 мемлекеттік 3 жекеменшік нысанда. 12 шағын орталық мемлекеттік 1 жекеменшік нысанда.
Ұлттық жоба және нысаналы индикаторға сәйкес 2023 жылы қосымша біліммен қамтылған оқушылардың үлесі 75,5% жету межеленген, бүгінгі таңда қосымша білім беру мекемелерге және спорттық үйірмелерге қамтылған оқушылардың үлесі 84.8% құрап отыр. Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 отбасыдан 30 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 жетім, 15 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. 20 бала мектеп жасындағы, 5 бала университет, колледж білімгерлері, 5 бала мектеп жасына жетпеген. Кадр жетіспеушілігі бойынша-білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне әдіскер лауазымы бойынша тұрақты бос жұмыс орындары бар. (Барлығы 5. Олар: химия пәні-1 бірлік, ағылшын тілі пәні-1 бірлік, информатика пәні-1 бірлік, бастауыш сынып-1 және қорғаншылық және қамқоршылық- 1). Қазіргі таңда аудан мектептеріне 23 қажетті маманға бос орындар бар. (Олар қазақ сыныбы: химия-3, математика-5 , ағылшын тілі-1, орыс тілі мен әдебиеті-6, бастауыш-2, география-1, музыка-1. және (орыс сыныбы: математика-1, бас-тауыш-1, физика-1, химия-1).
Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1, директордың кәсіптік бейінді орынбасары-1.
Ауданға 2023-2024 оқу жылына 14 жас маман келді, оның ішінде 5 ауылға, 9 қала мектептеріне. Былтырғы қажетті бос орындарының 13-і жабылды, 5 орыс тілі, 3 ағылшын тілі, 5 математика.
2023 жылы жоғары оқу орындарында педагог мамандығын алған түлектер саны-26 құрады,-деп әдістемелік жұмыстар, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, қамқоршылық қорғаншылық, матери-алдық техникалық база, интернет, қауіпсіздік, құрылыс бойынша және жеткен жетістіктер және білім саласына бөлінген қаржы т.б. бағыттағы жұмыстар мен алдағы жылға жоспарланған жұмыстар туралы жан-жақты тоқталды.
Есептік жиналыста хабарламашыға ұсыныс- пікірлер айтылып, тиісті жауаптар берілді.
Сәулет есқараев,
«Sarysý»