ҚАУІПКЕ САҚАДАЙ САЙ БОЛУ ҚАЖЕТ

0

Аптаның сейсенбісінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері және аудандық мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе «2024 жылдың көктемгі су тасқынын алдын алу кезеңіне гидротехникалық, қорғау құрылыстары мен арық-дренаж жүйелерінің жағдайы туралы» аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Молдабеков, екінші мәселе «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындық шаралары туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ә. Бекенов, үшінші мәселе «Елді мекендерде құлақтандыру жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» аудан әкімдігінің ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТҮИ бөлімі басшысының орынбасары Е.Базарбаев және соңғы мәселе «Шомылу маусымы кезінде су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Жаңатас қаласының әкімі И.Домалақов баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселе бойынша хабарламаларды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы жауапты сала басшылары мен мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Сондай — ақ, көктемгі су тасқынының алдын алу сияқты табиғи апаттар мен қауіпке сақадай сай болуы қажеттігін алға тартып, «Көктем-2024» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығуды өз дәрежесінде өткізуді тапсырды.

Дайындық барысымен танысты

Аптаның сәрсенбі күні қаламыздағы орталық алаңда «Көктем — 2024» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Әр тоқсан сайын өтетін оқу жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Ашылуда сөз сөйлеген Қайрат Маратұлы табиғи апаттардың алдын алуда бұндай шаралардың маңыздылығы зор екенін айтып, оқу -жаттығуға сәттілік тіледі. Шара барысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жақсылық Танабаев аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимовке оқу — жаттығу жұмыстарының барысымен таныстырды. Аудандық өрт сөндіру, аудандық Төтенше жағдайлар, аудандық полиция, аудандық орталық аурухана, «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемесі, аудандық санитарлық және эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары табиғи апаттар мен түрлі жағдайлар кезіндегі дайындық барысымен таныстырып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов оқу -жаттығу жұмысына оң бағасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.