АУДАН ӘКІМІ ауылдарды аралады
Жуырда аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы
Мамытов жұмыс сапарымен Қамқалы ауылдық округіне барып, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып қайтты.
Аудан басшысы Шығанақ ауылындағы сапарын батыр ана, еңбек ардагері Шекер апаны 80 жас мерейтойымен құттықтаумен бастап, деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілеп, сыйлығын тарту етті. Сонымен қатар, ауылдық клуб, кітапхана, мектеп, медициналық нысанның жылу жүйелерін қарап, сала мамандарына тиісті жұмыстарды реттеп отыруды, балалар қауіпсіздігі басты орында екенін айтты.
Ал, Қамқалы ауылындағы сапарын ауыл ардагері Серікбай қариямен әңгімелесуден бас-тап, ауылдың жағдайымен қанықты. Мектеп, ауыл клубының жұмысын, жылыту жүйесін көріп, атқарылған жұмыстарға оң пікірін білдірді.
Сапарды Жайлаукөл ауылымен аяқтап, ауыл анасы Жолдыкөл апаға кіріп, батасын алып, әңгімелесті. Жайлаукөл ауылындағы мектеп, ауылдық клубтың жылу қазандықтарының жай-күйін көріп, Жайлаукөл дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстарын қарады. Құрылысы аяқталуға жақын, қабылдап алу жұмыстарын бастамас бұрын, жұмыстың толық сапалы болуын тапсырды.
Округ әкімі Мақсат Төлеутайға ауыл халқының тұрмыстық жағдайын арттыру бойынша жаңа жобаларды қолға алып, кәсіп ашып, мал шаруашылығын дамыту бойынша тиісті біршама жұмыстар тапсырып, ауыл жастарын тарта отырып, ауыл тазалығын назарда ұстауын, көгалдандыру жұмыстарын ерте көктемнен бас-тауды қолға алу керектігін айтты.
«Sarysý-Aqparat»