ДЕПУТАТТАР ҰСЫНЫСТАРЫН АЙТТЫ
2023 жылдың 29 желтоқсаны күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 17-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов, аудан әкімінің орынбасарлары және қала, ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорын басшылары қатысты.
Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалық етуімен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 17-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан мақұлданды және сессия-да тиісті шешімдер қабылданды. Депутаттар тарапынан біршама ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта ескеріліп, орындалатыны туралы ауызша қанағаттанарлық жауаптар алынды.
Атап айтқанда:
2024-2026 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жос-парлау жобаларына түзетулер енгізу туралы.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы.
Аудандық
мәслихат аппараты