ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ТЫҢДАЛДЫ

0

Халықтың мұңын тыңдап, өтініштеріне құлақ асу аудан басшысының негізгі жұмыстарының бірі болып табылады. Әр қабылдауды тиянақты қабылдап, әр мәселені түртіп жүрген аудан әкімінің жұмысын бағалайтын да, батасын беріп жылы қабылдайтын да ел екенін аудан басшысы естен шығарған емес.

Осы орайда, жаңа аптаның бейсенбісі күні аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауда қызметтік пәтер алу, жарық және жол мәселелері, тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, жер алу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар өтініш- тілектерін жеткізді. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы әр мәселеге жеке тоқталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді. Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, бұл мәселелер бойынша жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.