Даналық мектебі

0

Абылай  хан атындағы мектеп-лицейінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы қызметінің аясында ата-аналар қоғамы өкілдерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесімен бөлісуге бағытталған «Даналық мектебі»  құрылды.

Клуб мүшелері «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі»  бойынша мектептің нақты сұраныстары мен талаптарына сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Жоспарға сай  10-11 сынып оқушылары арасында 10 сынып жетекшісі Ж.Жексенбекованың ұйымдастыруымен  қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталуға, ұлттық салт-дәстүрлерді қадірлеуге,  туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Сырлас жеңге, сыйлы ерке» тақырыбы аясында  қыздар білуге тиіс (тұрмыстық қажеттіліктер)  викториналық ойын сабағы өткізілді.

Мектеп директоры Р.Қамбарбаева: -Бүгінгі іс-шара арқылы халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие,  жақсы жеңге арқылы білуге болады. Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше қараған.  Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс, — деп қыз балаларға кеңесін айтты.

Қазақтың дәстүрлі отбасындағы тәрбиеге ықпалды жеңгелер мектебінің жұмысын келіндердің педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы қыз баланы тәрбиелеудің этнопедагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында бұл  сабақтың тәрбиелік мәні зор болды. «Ұлтыңды сақтаймыз десең, қызыңды тәрбиеле», «Қыз баланың тілегі – тәңірден, қызыл дәннің барар жері – диірмен», «Ақылды туған қыз бала, батыр туған ұлмен тең»сынды мақал-мәтелдер мағынасын ашу, «Жеңгелер деген кім және оның қыз бала тәрбиесінде орны бар ма?», «Қыз баланы болашақ өмірге даярлау мәселесі маңызды ма?» сұрақтарына жеңгелеріміз жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

«Кез-келген қыз бала – болашақ отбасының ұйытқысы, тәрбиеге жетекші екенін ұмытпаса деген тілегіміз бар»  деген жылы лебізбен сабаққа  қорытынды жасалды.

Аида Досбаева, Абылай хан атындағы мектеп- лицейінің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.