Аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалық етуімен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 11-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері мен кәсіпорын басшылары қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 11-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Атап айтқанда:
- «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Сарысу ауданы Жаңатас қаласының «Құрылысшы» алқабының егжей-тегжейлі жоспарын бекіту туралы Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №86-10 шешімінің күшін жою туралы.
Сарысу аудандық мәслихат аппараты