СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

0

Өткен аптада аудандық орталық кітапханада «Amanat» партия Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысында «Бастауыш партия ұйымдары жиналыстарын өткізу тәртібі» тақырыбында партия облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Е.Жұмабек, «Бастауыш партия ұйымындағы жарна жинау, партия мүшелерінің қозғалысы, жарнадан қайтарылатын 20% мақсатты трансферттер туралы» тақырыбында  партия облыстық филиалы ұйымдастыру – бақылау жұмысы  бөлімінің меңгерушісі  А.Мұхарым, «Партия идеологиялық жұмыстарының кейбір мәселелері туралы» тақырыбына партия облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Б.Телеушов баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар-кеңесте партия жарнасынан қайтатын трансфертке партиялық жобалар аясында шаралар өткізу, белсенді азаматтар арасынан жаңа мүшелерді партия қатарына қабылдау, партиялық жарналарды жинауды жүйелеу, қоғамдық қабылдау жұмысын жүргізу, ақпарат кеңістігінде төрағалардың белсенділігін арттыру және т.б. мәселелер талқыланды.

Жиын соңында бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары партия Жамбыл облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сәулет Есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.