БАЛУАНДАР БАҚТАРЫН СЫНАДЫ
25 қазан-республика күні қарсаңында Жайылма ауылындағы Б. Тоғызақбаев атындағы спорт кешенінде «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» газеттерінің жүлдесі үшін жартылай ауыр салмақта қазақ күресінен өлкелік жарыстың жеңімпазы, балуан Бөрібек Тоғызақбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ІХ-шы Республикалық турнирі өтті.
Қазақ күресінен өтіп жатқан республикалық турнирге Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстарынан, Шымкент, Тараз қалаларынан және Жамбыл облысының аудандарынан 250 жас балуандар келіп, бақ сынады.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбол Бердібаев, Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов, аудандық мәслихаттың депутаты Оңласын Мұқашов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы балуандарды елін, жерін қастерлеп, Мемлекетімізді қорғайтын білекті азамат болуға шақырды. Көк байрағымызды әлем ареналарында жеңіс тұғырынан желбірете берулеріне сәттілік тіледі.
Бұдан кейін жарыстың бас демеушісі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, меценат Жеңіс Тоғызақбаев сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Жыл сайын бұл үлкен турнирдің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып келе жатқан азаматтарға ризашылығын білдірді.
Боз кілемде бақтарын сынап, кім мықтыны анықтаған жарыс нәтижесінде жеңімпаздарға аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдары және демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
С.Есқараев,
«Sarysý»
кіші футбол турнирі ґткізілді
25 қазан-Республика күні мерекесіне орай, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру» орталығының ұйымдастыруымен Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде Жаңатас қаласының тұрғыны болған Жандос Тілеуқабыловты еске алуға арналған ересектер арасында кіші футболдан облыстық ашық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов сөз сөйлеп, барша тұрғындарды алдағы келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан кейін Жандос Тілеуқабыловтың әкесі Тимур Тілеуқабылов ағамыз да айтулы мерекеге орай жарысқа қатысушыларды құттықтап, жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Турнирге Алматы қаласынан және Түркістан, Жамбыл облыстарынан 12 команда қатысып, бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша 1- орынды Алматы қаласынан келген «Ағалар» командасы иеленсе, 2 -ші орынды жуалылықтар жеңіп алды. Жүлделі 3 — орынды тараздық «Omego» командасы еншіледі. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне номинациялар бойынша кубок, медаль мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.
Кіл мыќтыны аныќтады
Аудан жастары спорттың кез — келген түрінен түрлі сайыстарда биіктерден көрініп жүр. Қара күшті танытатын қол күресінің спортта маңыздылығы жоғары. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болашаққа деген қадамның нық белгісі
болып табылады.
Аптаның соңғы күнінде қаламыздағы Спорт кешенінде аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай, 2006-2010 жылдары туылған ұлдар және қыздар арасында Жаңатас қаласы әкімінің жүлдесі үшін қол күресінен сайыс өтті. Сайысқа қала мен ауылдық округтерден 6 команда қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімі І.Домалақов тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, елдіктің айнасына айналған аталмыш мерекенің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қара күштің иелері сынға түскен сайыс қорытындысы бойынша 1 — ші орынды Жаңатас қаласының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы үздік шығып, жеңіп алды. 2 — орынды Саудакент ауылынан келген жігіттер иеленсе, жүлделі 3-ші орынды Арыстанды ауылының майталмандары місе тұтты. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Самат Қуандықұлы,
«Sarysý»