ТӨЛБАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛАЙЫҚ

0

Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Газет — халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деген қанатты сөзі бар. Ауданымызбен бірге жасасып келе жатқан аудандық «Sarysý» газеті бүгінде түрлі жаңалықтармен қатар, пайдалы ақпараттарды, сүйінші хабарлар мен ақжолтай пікірлерді тұрғындарға үзбей ұсынып келеді.

Басты мақсат халық пен биліктің арасына «алтын көпір» орнатып, орайлы сәттерді мүлт жібермеу. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу науқаны жүріп жатқан шақта осы уақытқа дейін газетке жазылуда белсенділік танытып жүрген іргелі мекеме, аудандық білім бөлімі басқаларға үлгі болып жүр. Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы І.Баймағамбетов: — Аудандық газет халықтың ғана емес біздің де сүйікті газетімізге айналып жүр.

Мұнда тындырымды істермен қатар, түрлі түйткілді мәселелер көтеріліп, оң шешімдердің қабылдануына ықпал етіліп келеді. Имидждік құрылымын жоғалтпаған төлбасылымымыздың айтары мен бастамалары да көп. Оқыған адамға тілі сондай жатық, жеңіл келетін мақалалар оқырманды жалықтырмауға тырысады. Білім саласына қатысты ақпарлар да үзбей жарияланып келеді. Жетістіктер мен алуан түрлі жиындар, маңызды мәліметтер мен  мерекелерде газет беті одан сайын әрлене түседі. Сондықтан, газетке жазылу біздің азаматтық парызымыз деп білемін. Барша тұрғындарды аудандық төл газетке жазылуға шақырамын, — деді.

Олай болса, басылымға жазылудан шет қалмайық. Бағасы мен бабы сәйкес келіп тұрған аудандық бас газеттің шарықтауына зор үлес қосатыныңызға біз де үлкен сенім білдіреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.