АУДАН ӘКІМІ СӘКЕН МАМЫТОВТЫҢ 25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Сіздерді 25 қазан-Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды.

Сол сәттен бастап Қазақстан жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Егемендік туралы Декларацияның қабылдануымен еліміздің егемендігін айғақтайтын жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, мемлекеттік рәміздері бекітіліп, халықаралық қатынастардағы дербестігі айқындалды.  Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бас-тады. Өткен жылы 16 маусымдағы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Өз сөзінде ел Президенті Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керектігін атап көрсетті.

Осы бастамадан кейін, 25 қазан Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім болды. Еліміздің осы уақыттан бері бағындырған шыңдары да, атқарған игі істері де жетерлік.

Биыл құрылғанына 95 жыл толып отырған Сарысу ауданының халқы да ел егемендігін баянды ету жолында тер төгіп келеді. Аудан тынымсыз еңбектің, алдағы күнге деген сенімнің арқасында дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде Сарысу ауданы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан, ауыл шаруашылығымен қатар, өнеркәсібі өркендеген қасиетті мекен. Аудан өнеркәсібінің негізін қалаушы «Қазфосфат» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» компаниясы облыстың тау-кен өңдеу саласының дамуын қамтамасыз етіп келеді. Өңірдегі шаруашылықтар өз ісін ілгерілетіп, егін егіп, мал өсіруге ден қойған.

Осы жылдар ішінде ауданда халықтың жаңа әлеуметтік тобы – кәсіпкерлердің үлкен шоғыры қалыптасты.

Биыл ауданымыз айтулы мерекені үлкен жетістіктермен қарсы алғалы отыр. Жыл басынан өндірілген өнеркәсіп өндірісінің көлемі 68 млрд.803,4 млн. теңгені құраса, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 18 млрд. 311,1 млн. теңгеге жетті.

Осыдан 4 жыл бұрын тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының игілігін қазіргі таңда ел көруде. Биыл бұл жоба  4 ауылдық округте іске асып отыр. Осы жылы ауданның жол құрылысының өзінде 11 жоба қолға алынып, ел игілігіне берілді. Мереке қарсаңында Өндіріс ауылында жаңадан клуб үйі пайдалануға беріліп, Шағалалы ауылында газ желісі іске қосылмақшы.

Жаңатас қаласында 2 көпқабатты үйге жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың қуанышын еселейтін болады.

Ел руханияты да үлкен жетістіктерге толы болды. Ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығы, журналист Төкен Мақашевтың 100 жылдығы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жас мерейтойы кең көлемде өткізілді. Тәуелсіздік қай елдің болмасын басты игілігі, баға жетпес құндылығы. Республика күні – Ұлттық рухты көтеретін ұлық мереке.

Ардақты ағайын!

Баршаңызды еліміздің басты мерекесі Республика күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Егеменді еліміздің мәртебесі биіктей берсін!

Мереке құтты болсын!

елдікке бастаєан мереке

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Тәуелсіздігіміздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры саналатын Республика күнінің маңызы зор. Халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Бұл күннің тарихы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған күннен бастау алады. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Мемлекеттік Егемендік туралы декларация — тарихи құжат болып табылады. Осы күннен бастап болашақ тәуелсіз елдің іргетасы қаланып, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамы жасалды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке аумағы, азаматтығы, халықаралық қатынастардағы дербестігі бекітілді.

Тарихи оқиғаға құрмет көрсете отырып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мерекеге Ұлттық мәртебе беріп, «мереке күнтізбесінде Республика күнін жаңғырту — тарихи әділеттілікті орнату» деп атап өтті. Республика күнінің оралуы — ұрпақтар сабақтастығының, қазіргі заманның аса маңызды оқиғаларына құрмет көрсетудің және халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысының белгісі.

Егемендік — кез келген ұлт үшін ең қымбат мұра. Бекем бірлік, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық рухани байлығымыз болып табылады. Тәуелсіз еліміз үшін ел достығы мен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың ең басты құндылығы. Халқымыздың бірлігі мен қиындыққа мойымайтын ерік-жігері мен қайсарлығының арқасында егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдени-рухани келбеті жоғары деңгейге жетті.

Еліміздің экономикасының қазіргі даму деңгейі алдымызға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешуімізге мүмкіндік беріп отыр. Бұл тарапта қазақстандық әрбір белсенді азаматтың еңбегі бар деп айтуға болады. Ауданымызда тың бастамалар мен жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп, әлеуметтік-экономикалық дамуда қарқынды өзгерістердің куәсі болып келеміз. Республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін дәлелдеп, сол күннен бастап тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету                  әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Ардақты ағайын!

Осынау тарихи мәні терең мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық,                                     құт-береке тілеймін. Аспанымыз ашық, іргеміз бүтін, бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі әрқашан бекем болып,       арта берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын.

Ш.МҰСАБЕКОВ,

аудандық мәслихат төрағасы.

Елім меніѕ!

Елім менің, ертеңіме сенемін,
Болашақты жарып шығар өренің.
Жылы ұям, құтты мекен ұйысқан,
Республикам — Ұлы Отаным сен едің.
Төзген талай өтпелі бұл сынаққа,
Мойымаған арпалысқа бірақ та.
Ғажап ұшқаның қыраның тек биікте,
Қазақстаным — ұқсайсың ғой Жұмаққа!

Leave A Reply

Your email address will not be published.