Гендерлік теңдік-отбасы институтын нығайтатын тірек

0

Қазіргі таңда гендерлік теңдік ұғымы қоғамымызда кеңінен қолданылады. Себебі гендерлік теңсіздік мәселесі әлем бойынша көптеген елдердің, діндердің, ұлт пен мәдениеттің ұстанымдарына айналып, кеңінен тараған.

Осы мәселенің алдын алып, қоғамымызда гендерлік теңсіздік мәселесін шешу үшін еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі ана мен баланы қорғау, нәзік жандылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту болып отыр. Негізі гендерлік теңдіктің адам құқықтарын қорғауда маңызы зор.

Соңғы жылдары осы бағытта елімізде көптеген стратегиялар мен заңдар да қабылданды. Атап айтсақ, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының гендерлік теңдігі стратегиясы әзірленіп, 2009 жылы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң қабылданды. Алғашқы гендерлік теңдік стратегиясының уақыты өткен соң 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жарияланды. Осылайша ұзақ мерзімді құжат 2006 жылдан бері кезең-кезеңімен ұзартылып, қоғамымызда гендерлік теңдік ұғымын қалыптастыруға, әйел мүмкіндіктерін арттыруға жұмыс істеуде. Алайда әлі де болса қоғамда гендерлік теңдік аясында шешілмей жатқан мәселелердің бар екені рас. Атап өтер жайт, гендерлік теңдік ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын, оның құқықтарын асыра пайдалануды көздейтін ұғым деп қарастыруға болмайды. Ол қажет болған жағдайда әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, кемсітушілік болған жағдайда ер адамның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық процесс.  Кейде осы бір сыңаржақ пікірмен бұл ұғымды құнсыздандырғысы келгендер кездесетінін ескерсек, гендер ұғымының қолданыс аясын тым тарылтып тастағандай боламыз.

Қоғам тарапынан қаншама қолдау болып жатқанына қарамастан, елімізде әйелдерге қатысты күш қолдану істері азаймай тұр. Жоғарыда аталып өткен  Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының  бір бөлігі отбасындағы әйелдің құқығын арттыру болғандықтан, қоғамымызда осы бағыттағы жұмыстарды арттыру қажеттілігі сезілуде. Әсіресе жылдар бойына созылған тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының соңының ауыр дене жарақаттарын салумен, қайғылы жағдайлармен аяқталуы ойлантпай қоймайды.

Атап  өтер  жайт, әйелдерге көрсетілетін әлімжеттік жағдайларының біразы көпке бәймәлім күйінде қалады екен. Көбінесе күйеуінің әрекетін жасырып, жауып, ауыл аймақ, ағайынға сыр білдіртпеуге тырысатын әйел қауымы ауыр күйзелістерді де басынан өткізіп жатады. Сондықтан әлі де болса қоғамымызда әйелдердің қадірін арттырып, олардың құқығы тиісті деңгейде қорғалуы үшін көптеген жұмыстар жүргізілу қажеттілігі сезіледі. Сондықтан қоғамымызда отбасы құндылығын арттыру, ажырасатын отбасылар санын азайту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Гендерлік теңдік отбасындағы ерлі зайыптылардың бір-бірінен артық екендігін көрсетіп, олардың шаңырақтарын шайқалту емес, керісінше олардың құқығын тең қорғай отырып, отбасы институтын жетілдіру болып табылады. Айта кетер жайт, елімізде ажырасушылардың артуының салдарынан толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар саны жылына 40 000-нан асып отыр. Бұл ұлтымыз үшін үлкен мәселе екені сөзсіз.

М.үркімбаев,

аудандық соттың төрағасы

Әскери міндеттілер әскери жиынєа шаќырылады

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 33 бабы мен ҚР ҚМ 2023 жылғы 28 наурыздағы №247 «Әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы» бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың                   1 қыркүйегінен 1 қазанына дейін Қордай ауданы Отар ауылы Гвардейск кентіндегі 22326 әскери бөлімінде әскери міндеттілер мен әскери жиын өтеді.

Осыған байланысты, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Жаңатас қаласының Қорғаныс Істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде әскери міндеттілерді 22326 әскери бөлімге әскери жиынға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл іс-шараға Жаңатас қаласы Қорғаныс Істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник Сериков Юсуп Аманжолұлы, ауған соғысы ардагерлері, ішкі саясат бөлімі және Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары қатысып, өз тілектерін білдірді.

Жаңатас қаласы Қорғаныс

істері жөніндегі

біріктірілген бөлімі

маман кеңестері

Алимент өндіру-өзекті мәселе

Әлеуметтік маңызы бар істердің санатына, осы таңдағы өзекті мәселелердің бірі-алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттар жатады.

Сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанмен, оны орындайтындар аз.

Көп жағдайда ерлі-зайыптылар ерікті алимент төлеуде табысын жасырып, аз мөлшерде төлеу үшін түрлі әрекеттерге барып жатады.

Алимент көлемі сот шешімі бойынша белгілі болады, алимент төлеуге міндеттелген ата-ананың бір ай сайын бір балаға табысының  4/1 бөлігін төлесе, екі балаға 3/1 бөлігін, одан көп балаға табысының жарты бөлігін төлеп отыруы керек.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабына сәйкес ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамаған жағдайда –алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар, алимент бойынша қарызын өтемеген борышкерге уақытында төлеп тұратын түрткі болатын шаралар бар.

Егер борышкердің  берешегі жиналып қалса, онда сот орындаушылар борышкердің көлігін алып қойып, оны сатып, қарызды өндіреді, дүние-мүлкіне тыйым салады, Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қояды, жүргізуші куәлігінің күшін жояды және т.б. шаралар қолданады.

Бұндай шаралар борышкерге ой салады және алиментті уақытында төлеп тұруға түрткі болады. Ескеретін жәйт, алимент төлейтін әке ақшасы бар немесе жоқ деп бөлінбейді, демек жұмыссыз болғаны үшін оған қандай да бір жеңілдіктер қарастырылмайды, яғни алимент төлеуі тиіс. Егер борышкердің ресми жұмысы  жоқ болса, мемлекет бекіткен жұмыссыздық тарифі бойынша орташа жалақы есептеліп, алименттің мөлшері анықталады, сол бойынша алимент төлеуге міндетті.

Мемлекетімізде заң бойынша алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, бірақ заң әлсіз.

Азаматтар өз тарапынан алиментті өндіріп алу үшін не істеуі керек?

Сот орындаушысы жұмыс істемеген жағдайда, сот орындаушыны ауыстыруға болады. Бұл жағдайда әр адамның құқығы бар.

Егер сот орындаушылары борышкердің үстінен ешқандай іс-әрекет жасамаса, онда сот орындаушының үстінен сот орындаушылар палатасына, прокуратураға, әділет органдарына және сотқа шағым жазуға болады, сонымен қатар, сот орындаушының әрбір атқарып жатқан жұмыстарын қадағалап, бақылап отыра алады.

Егер де алимент өндіруші берген өтінішіне 3 рет әрекетсіздік білдірсе, онда оларды сотқа беріп сот орындаушының лицензиясынан айыра алады.

Б.Сейсенбекова, Қазақстан

Республикасы  Бас прокуратурасы  Құқықтық статистика және  арнайы   есепке алу жөніндегі  комитетінің Жамбыл облысы  бойынша департаментінің  бөлім аға прокуроры

2023-2024 жылдары аңшылық маусымының ашылуы туралы

Қазақстан Республикасының «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы» заңның 9 бабына, Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесіне сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасының 2023 жылдың 28 тамыздағы 2023-2024 жылдарға аңшылық маусымы туралы №86-ө бұйрығы назарға алынсын.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау» қағидасына сәйкес,  Жамбыл облысы аумағындағы бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында 2023 жылдың 02 қыркүйектен бастап күзгі-қысқы аңшылық маусымында аңшылық алқаптардың аумақтарында аңшылық жасау ережелерінің сақталуын қадағалау тапсырылсын.

Сонымен қатар, «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аңшылық алқаптардың резервтік қорында және мемлекеттік орман қорының бекітілмеген аңшылық алқаптарда құстар мен қоса басқа жабайы аңдарды аулауға жол берілмейді. Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар Қазақстан    Республикасының     заңдарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерінде, еркін аймақтарда ҚР заң талаптарына сәйкес құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу мақсатында, кезекті рейдтік жедел іс-шаралары күшейтілуде.

Жануарлар дүниесін  рұқсат бар аңшылық алқаптарында ғана күзгі-қысқы аңшылық маусымы жүргізілсін.

Аңшылардың аң аулау орындарында және су айдындарының жанында болған кезде өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауы өрттің туындауына жол бермеуге көмектеседі. Мұндай жағдайлар өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіруі, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.

О.Адилханов,

«Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің аңшылықтанушысы

Ўнды фортификациялаудыѕ артыќшылыќтары

Ұнды Қазақстанда фортификациялау халықтың денсаулығы мен еліміздің экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді. Фортификация- дегеніміз не? Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді – минералды кешен) қосу процесі.

Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды. Бидай әлемде аса өріс алған дәнді егіс, ал ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Осы себепте, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы, тез және экономикалық жағынан тиімді.

Адамның денсаулығына қауіпі бар проблемалардың бірі – ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады. Анемияға әкеп соғады. Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40 пайыз жиірек босанады, барлық жүрек-қан тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылады, шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы бас миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуы т.б. әкеп соғады. Ал, балаларда дене бітімі дамуындағы жетілмеуі, әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауына әкеледі.

Әр адамның денсаулығы – өз қолында, «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» демекші, фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән бергеніңіз жөн.

А.Тәжіқұлова,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының

бөлімінің басшысы

Таза қол- денсаулық кепілі

Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды.  Денсаулықты қалыптастыру үшін тазалықты сақтау қажет, ол үшін бірінші жеке бас гигиенасын сақтау  оның ішінде таза қолдан  бастауымыз керек.

Балабақша және мектеп қабырғаларындағы бүлдіршіндерге «таза қол» ережесін үйретіп, адам баласы үшін тазалықтың қандай маңызды  екенін айту абзал. Қолды жумағанның өзінен әр түрлі жұқпалы  ауруларға  шалдығуға болатынын және тазалық арқылы сақтану жолдарын  түсіндіру, мысалы жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі әсіресе балалар арасында ішек   инфекциясы.  Сол үшін ең алдымен қарапайым қағидаларды ұстануымыз қажет, ол дегеніміз «таза қол» ережесін сақтап, үнемі қолдарымызды таза ұстап, денсаулығымызды күтіп жүрейік.

Ж.Байтикова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші

 маманы 

Тазалық-иманның жартысы

Бұл өмірдегі адамзат баласына берілген ең ұлы сый таза ауа мен тұмса табиғат. Табиғаттан нәр алып, таза ауамен қуат жинаған әр жанның ойы сергек, көңілі көтеріңкі жүреді. Дархан даламыздың баурайына қоныс тепкен ауданымыз тазалығы сақталған тамаша өлке.

Мұнда жанға жайлы леп пен көркіне көз сүйсінер көрікті жерлеріміз бар. Қойнауы қазынаға толы қарт Қаратаудың етегінде орналасқан Жаңатастың жағдайы түзеліп келеді. Тоқырау кезеңдерді артта қалдырып, өрлеуге бет алған жасыл қаламыздың еңсесі тіктеле бастағандай. Жасыл қаламыздың жарқын болашағы, оның тазалығына байланысты. Ендеше,  ару шаһарымыздың тазалығын сақтау тек біздің ғана мойнымызда. Күз басталды дегенше тіршіліктің одан бетер қызатыны анық. «Қазанға қарағанның қасығы бөлек болса да азығы бір» дегендей, тазалық ісіне бірауыздан атсалысу әдетке айналғандай.

Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың күзгі екі айлық сенбілік жұмыстарын жүргізу туралы қаулысына сәйкес қалада кең көлемдегі сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстарына мекеме, кәсіпорын бөлім қызметкерлері мен тұрғындар қатысты. 400-ден аса қызметкерлер мен тұрғындар қамтылды. Сенбілік жұмыстары барысында 390 метр арық тазаланып, 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілікке қала тұрғындары да шет қалмай алдыңғы қатардан көрініп, білек сыбана кірісті. Осындайда, «Бірлік түбі — тірлік» деген сөз ойға оралады. «Көп түкірсе — көл» дегендей бірігіп істелген жұмыстың арқасында аз ғана уақыт ішінде қаламызға рең кіріп, кең тыныстағандай болды.

Аталмыш сенбілік барлық ауылдық округтерде жалғасын тапты. Ауылдық округтерде жолдың бойы, ауыл іші қоқыстан тазартылып, талдарды балақтау жұмыстары жүргізілді. Бірлікпен атқарылған сенбілікке ауыл тұрғындары ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Ауданымыздың тазалығы — баршамызға ортақ іс. Ортақ іске жұдырықтай жұмылып, жұмыс жасау қажет.

Ендігі тұрғындардан сұранатын жәйт, қоқыстарды арнайы орындарға тастағаны құптарлық іс болар еді. Тазалық қызметкерлерінің еңбегін бағалайық. Себебі, тазалық — иманның жартысы.

Қоршаған ортаның таза болуынан адамзат баласының басты байлығы оңалатыны хақ. Жыл сайын өткізілетін айлықтың мақсаты – туған жерді түлетіп қолдан келгенше жайқалту. Қашанда халық үшін туған жеріміз – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Сондықтан өз тұрған жеріміздің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат атамекенін қадірлеуге тиіс.

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Бұл сенбілік тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға, көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне  қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Самат Тоқбанов,

 «Sarysý»

Ауылдың алты

ауызы

Жыл бойы жалғасып келе жатқан өнер фестивалі халықтың ыстық ықыласымен жоғары бағасын алып жатыр. Әр ауылда өткен әрбір кеш бір-біріне ұқсамайтын өзгешелігімен ерекшеленеді.

Осы орайда, жақында Түркістан ауылдық округінің орталығы Ә.Бүркітбаев ауылдық клуб үйінде «Саялы өлкем — Сарысуым» атты өнер фестивалі өтті. Фестивальге Сарысу ауданы әкімі орынбасары Қ.Серимов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтегі зейнеткерлер мен шаруа қожалық төрағалары қатысты. Фестивальде ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Асыл әжелер» тобы және күрді этно мәдени орталығының өнерпаздары әр түрлі өнер көрсетті. Ауыл жастары, мектеп оқушылары мен өнерпаздар әннен шашу шашып, жырдан шуақ төгіп, шара жоғары деңгейде өткізілді. Фестивальде ауыл тұрғындары арасында  түрлі спорт түрлерінен жарыс-тар ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған дипломдар және медальдармен  марапатталды. Ауылдың алты ауызы айтылған кеште көпшілік алғысын айтып, тамаша көңіл күйде тарқасты.

Жаныс арыстанбеков, Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.