СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

0

2023 жылғы 11 қыркүйекте №363 сайлау учаскесі орналасқан Спорт кешенінің ғимаратында 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жұмыстары  бойынша аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен

семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренингті аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев  жүргізіп отырды.  Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша, сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пункттерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен нұсқаулыққа сәйкес, жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы  баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Сайлау күні сайлау учаскелерінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы №363 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С.Ниязов хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, дауыс беру қорытындыларын анықтау туралы №367 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Жаркенов баяндама жасады. Соңғы мәселе бойынша, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының   сақталуын           қадағалауды жүзеге асыру туралы №365 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы  Ж.Құдайбергенов баяндады. Семинар-тренингтің соңында   қатысушылармен дауыс беру күні УСК мүшелерінің сайлау учаскелерін ашу, бюллетеньдер беру, байқаушыларды, БАҚ өкілдерін, кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу, мүгедектігі бар тұлғалар үшін дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және дауыс беру қорытындыларын анықтау  бойынша   сұрақ-жауаптар қойып, қатысушылар толыққанды жауаптар алды.

Жиынды қорытындылаған аудан-дық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталып, семинарға қатысушыларды ауқымды шарада жұмы­лған жұдырықтай бірге атсалысуға шақырды.

Л.Ерсейтова, сайлау комиссиясының хатшысы

Хабарландыру

2023-2024 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын атқару мақсатында Жаңатас қаласы бойынша көп-қабатты тұрғын үйлерге, барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарына 2023 жылдың  16 қыркүйек  күні сағ. 09-00-ден бас-тап 14-00 дейін  жылу жүйелеріне үлкен қысыммен гидравликалық сынақ  жүргізіледі.

Барлық тұрғындарға, меке-менің жауапты қызметкерлеріне жертөлелерде ақау шыққан жағдайда «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның диспечерлік бөліміне (тел.6-34-03,6-25-88) хабарласу-ын сұранамыз.

«Жаңатас-Су-Жылу»

КМК әкімшілігі

Объявление

16 сентября 2023 года в целях выполнения работ по подготовке к отопительному сезону 2023-2024 года в многоэтажные жилые дома, здания всех государственных учреждений по городу Жанатас  c  09-00 до 14-00  будет проводится гидравлическое испытание системы отопления с большим давлением.

Всем жителям, ответственным работникам учреждений в случае обнаружении неисправности в подвалах,  просим  сообщить  в диспетчерскую службу  КГП «Жанатас-Су-Жылу» по телефонам: (6-34-03, 6-25-88).

Администрация КГП «Жанатас-Су-Жылу»

Аудандық мәслихат депутаттарының назарына

Сегізінші  шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 9-шы сессиясы 2023 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Байқадам ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  2. Жаңаарық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  3. Түркістан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  4. Әртүрлі.

Тұрақты комиссиялардың мәжілісі аудандық мәслихатта 2023 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 11:00-де басталады.

Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 10.30-дан бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихат

 аппараты

Вниманию депутатов районного маслихата

Очередная 9-я сессия маслихата Сарысуского района восьмого созыва состоится в 12:00 часов 25 сентября 2023 года в зале заседаний акимата района.

ПОВЕСТКА ДНЯ:

  1. Отчет акима Байкадамского сельского округа о выполнении возложенных на него функций и задач.
  2. Отчет акима Жанаарыкского сельского округа о выполнении возложенных на него функций и задач.
  3. Отчет акима Туркестанского сельского округа о выполнении возложенных на него функций и задач.
  4. Разное.

Заседание постоянных комиссий начнется в районном маслихате в 11:00 часов 25 сентября 2023 года.

Регистрация депутатов будет осуществляться с 10:30 часов 25 сентября 2023 года.

Аппарат районного маслихата

Leave A Reply

Your email address will not be published.