СЕССИЯ ӨТТІ

0

жуырда аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлының төрағалық етуімен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8-ші  сессиясы өтті.

Сессия   жұмысына  аудан әкімі С.Мамытов және қала, ауылдық округтер әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорындар басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Атап айтқанда:

  • «2023-2025 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №38-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  • «Сарысу аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.

Жоғарыда аталған мәселе бойынша хабарламашы баяндамасын оқыды. Депутаттар қойған сұрақтарға сол жерде қатысқан мекеме басшылары ауызша қосымша қанағаттанарлық жауаптар берді. Аудан бюджетінің қаражаттары нысаналы жоспарланғаны айқындалды. Сессия соңында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сөз алып, депутаттар тараптарынан айтылған қосымшалар мен ұсыныстар қабылданғандығы және алдағы өтетін сессияларға ұсынатындығы туралы айтты.

Сарысу аудандық мәслихат

Аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.