Ата Заң-азат елдің ар намысы

0

Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі негізін қалады.Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат.

Уақыт сынынан сүрінбеген Ата Заңымыз бүгінде азаматтардың өзара бітімде өмір сүруіне жағдай туғызып отыр. Конституцияның негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.

Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді. Ата Заңда көрсетілген қағидалардың салтанат құруы бұл ішкі тұрақтылықтың кепілі. Заңдылықты бұлжытпай орындау, сақтай білу жауапкершілігі арқылы біз еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан-жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Ж.КұЛЖАБЕКОВА,

тілдерді оқыту орталығы

Сарысу аудандық бөлімше меңгерушісі

Жаќсылыќ жасап жарысайыќ

Акция аясында жалпы 20-ға жуық оқушыға 350 мың теңге көлемінде көмек ұйымдастырылды. Оқушыларға көмекті ұйымдастыру барысында мектеп формасы, кеңсе құралдары, мектеп сөмкесі және қажет болған жағдайда демеушілер тарапынан қаржылай да көмек көрсетілді.

Қайырымды, жомарт ағаларымыз да жанашырлық танытып, оқушыларға қолдау танытып, акцияға барынша атсалысуда.  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей аудандық маслихаттың төрағасы Ш.Мұсабековке, аудан әкімінің орынбасары Қ.Амановқа, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Бердібаевқа, «Сарысу сулары» кәсіпорынының директоры Ж.Бегулиевке, Байқадам ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Құлыбековке және мектебіміздің директоры Ф.Тұрсынбековаға, сонымен қатар ұстаздарымызға, демеушілерімізге игі шараның ұйытқысы болып, оқушыларымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.

«Мектепке жол» республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, қол ұшын созып,  демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларыа болады.

Г.Жарылқапова, Б. Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің

Әлеуметтік педагогі

Ынтымаќ, бірлік,

келісім-еѕ басты байлыќБүгінгі таңда Қазақстан — көпұлтты, көп этнос қоныстанған ел. Олар да бірлік пен теңдікте, ынтымақтастық пен ауызбіршілікте өмір сүруде. Еліміз сыртқы елдермен де, шекаралас көршілерімен де келісімде, бітімде болуға күш салып келеді.

Әр аймақ  тұрғындары әр-қашанда тұрақтылыққа қол жеткізгісі келеді. Ғаламдық тұтастық пен бүкіл әлемдік бейбітшілік орнағанын қалайды. Яғни, қазақ халқы атам заманнан бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылған ұлт ретінде әлі күнге дейін сарабдал, мәмілегерлік саясат ұстануды құп санайды.

Өйткені қазақ халқы бірлік пен ынтымақтастықты, татулық пен ауызбіршілікті бәрінен де жоғары қойған, ел болудың алғышарты, мемлекет болудың негізі ретінде қабылдаған.

Қазақ би-шешендері, бай-батырлары саналы ғұмырын халқын бірлікке, татулық пен ынтамақтастыққа шақырумен болды. Халқымыз өзінің ынтымақтастықты барлығынан жоғары қоя білгендігінің арқасында ғана үлкен жеңістерге жеткен, жоңғардың шапқыншылығына төтеп бергенін ұмытпағанымыз жөн. Осындай ірі тарихи оқиғалар, яғни, ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жетуі тәрізді халық басынан өткен тарихи мысалдар қазақ халқының жадында үлкен құбылыс болып қалды. Ал бұл өз кезегінде халық танымында «ауызбіршілікке жетсең ғана жауыңды жеңіп, бейбіт өмірге қол жеткізе аласың» деген  тарихи сана қалыптасты.

Сондықтан ел арасында «Ынтымақ түбі — береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Ынтымақ түбі — игілік», «Тірлік, тірлік түбі — бірлік», «Ынтымақ істі бітірер», «Ырыс алды — ынтымақ», «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деп өсиет қалған.

Г.Сырғабаева, тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

Біліктілікті арттыру курсыныѕ тиімділігі

Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында «10-11сыныптарда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1) пәні бойынша педагогтердің базалық және пәндік құзіреттіліктерін дамыту»тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс барысында тыңдаушылар күрделі тақырыптарды меңгеруде әдіс-тәсілдерді қолданып, пәндік құзіреттіліктерінің сапасын дамытуда сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқыту ресурстары мен әдіс-тәсілдерді іріктеп,тыңдалым бойынша әртүрлі мәтіндерді (дәріс, сұхбат, пікірталас, мақала т.б.) талдауды, сонымен қатар PISA халықаралық зерттеулеріне сәйкес оқу сауаттылығын дамытудың маңызы мен оқыту нәтижелерін меңгерді. Жаттықтырушы Гүлхан Сабырханқызының тыңдаушыларға жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы тапсырмаларды дайындауы барысында теориялық-әдістемелік көмек берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  курс аясында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, пәндік құзіреттіліктерінің сапасын дамытуда өзара тәжірибе алмасты. Lesson Study технологиясы арқылы сабақ жоспарының тиімділігіне баға беріп, жетілдіру жолдарына рефлексия жасай алды. Білімін тұрақты көтеріп отыру-мұғалімдердің құқ-ықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің, тұрақты дамуының кепілі.

С.Сүйімбаева,

Әйтеке би атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ќобыз атасы-Ыќылас осылай шыќќан еді

Ықылас — дарын иесі. Оның қобызында ерекше бір сазды үн, айрықша бір мағына бар. Ол туралы ел арасында мынадай бір аңыз тараған. Рас, өтірігін кім білсін.  Ықыластың немере ағасы Əмірдің  үйінде ағаштан ойып жасалған бір домбыра бар. Ықылас көзіне ерекше көрінетін дүние осы. Бірақ, бұл домбыраны тартатын адам жоқтың қасы. Үнемі кереге басында ілулі тұрады.

Анда-санда Әмірдің өзі төрт қанат отаудың төріне шалқасынан жатып алып, бірдеңелерді болар болмас шерткені болмаса, ол домбыра ешкімге керек емес. Өйткені бұл ауылда Әмірден басқа домбыра құлағын бұрайтын адам жоқ-тұғын. Ал, Әмір асқан домбырашы да емес. Ол бір-екі күйден басқа ештеңе білмейді. Сол білгенінің өзін көп көзінше тартуға да ұялады. Біреудің сырттан келе жатқанын сезсе болды, әлгінде тартып отырған домбырасын қоя қояды. Соған орай оның күйіне бұл ауылда Ықыластан басқа бірде — бір адам ынтық та емес. Ең жақыны — сүйген жары Ақбала да құлақ аспайды.

Иә, оған тек Ықылас қана ынтық. Ол домбыра үнінде бір ғажап сыр жатқандай көреді. Әмір үйінен домбыра дауысы естілсе болды, аяғын тақ — тақ басып келіп, үй сыртында отыра қалып тыңдайды. Онымен қоймай ол Әмірдің ұзаққа кетуін аңдып, үйді сыртынан торып жүреді. Егер үй оңаша қалса болды, үйге ұрланып кіреді де, кереге басындағы күнге күйіп, қаңси бастаған домбыраны алып шертеді. Пернелерін бірінен соң бірін басып, одан шыққан үнге құлағын құныға тосады. Ол домбыраның екі ішегіне барлық дүние сыйып тұрғандай сезінеді. Бірақ не керек, оның сиқырлы сырын таба алмайды. Жасынан жаттықтырып үйрететін адам да жоқ туыстары арасында. Бәрінен қиыны осы болды.

Әйтсе де біраз күн ішінде Әмір үйіндегі домбыраға Ықылас бауыр басып қалды. Есіл — дерті ойында емес, домбырада.

Бір күні Ықылас күндегі әдетімен оңаша үйге келді де, кереге басындағы домбыраны тағы да қолына алды. Құлағын  қатты бұрап, пернелерін басып отыр еді, кенет дәл қасындағы кебеже түбінен әлдене «ыссс»  ете қалды. Жалт қараса, жеңді білектей қара шұбар жылан екі айыр қара тілін жалаңдатып,  келіп қалыпты. Үрейленген Ықылас ата жөнелді. Сөйткенше дауыл күні сай ортасына қағып, желбау байлаған қазыққа сүрініп, етбетінен түсті. Босағаға соғып, өзінің де шекесі қатты ауырып қалды. Әйтсе де оның жанына шекесінің ауырғаны емес, ілік таппай тұрған домбыраның ортасынан қақ бөлінгені батты.

Сынған домбыраға өкінішпен қарап тұрды да, көзіне жас алды. Әдейі домбыраның сынуын күткендей жаңағы жылан қайтадан кері бұрылды да, іргеден шығуға беттеді. Ықыластың өне бойын ашу кернеп кетті. Жасқа толған көзін жамаулы көйлегінің жеңімен бір сүртіп тастады да, жыланға тап берді.

Бұл кезде жарты денесі сыртқа шығып үлгерген жыланды Ықылас келген бетте белуардан домбыраның сынық мойнымен бір ұрды. Жылан оған тоқтай қоймады. Енді ол жылан кетіп қалады ғой деген қауіппен домбыраны тастай берді де, құйрығын қос қолдап ұстай алды.

Осы кезде сырттан жеңгесі Ақбала кіріп келді де ойбай салды:

-Ойбай-ау, мұның не, Ортаншым-ау. Құрысын, ойбай!… ойбай!… Жібер бәлені!…

Ықылас басын шайқайды.

-Жоқ, жібермеймін. Жылан әрі тартады, жеңгесі бері тартады. Ықылас екеуіне де ырық бермей отыр.

-Ойбай, Ортаншым, қоя бер деймін! Қоя бер!… Қалқатайым!

-Жеңгесінің дауысы шырылдай ышқына шықты. Көзі бадырайып кеткен, реңі боп-боз.

Жылан басын шиге айбаттана тағы бір соқты да, ышқына алға  ұмтылып еді, Ықыластың қолынан шығып кетті. Ықылас жерде жатқан шымшуырды ала сала далаға шығып, қуайын деп еді, жеңгесі есікті екі қолымен керіп, жалынып-жалбарынып, далаға шығармай қойды.

-Құрып қалғырдың түсі суық екен. Жібермеймін, Ортаншым, ашулы неме шағып алып, жазым қылып жүрер.

Әмір ертеңіне сәскеде келді ауылға. Ол келісімен үйден шаң-шұң ұрыс шықты. Әмір Ақбаланы біраз сабап та алды. Өйткені Ақбала шындықты жасырған еді.

-Домбыраны байқамай басып кетіп, мен сындырдым, -десе керек.

-Жүрісің бас білмеген түйенің жүрісіндей. Енді не болды ауылдағы жалғыз домбыраны сындырып,-деп кейісе керек Әмір.

Сырттан құлағын тігіп жүрген Ықылас шаң-шұң шығысымен үйге жүгіріп келді. Келген бетте ағасының қолынан ұстай алды.

-Жеңешемді неге ұрасың? Домбыраны сындырған мына мен… Жылан! Жылан!- дейді ол шырылдап.

Жылан деген сөзді Әмір өзіме айтты деп ойлап қалса керек. Енді бурадай сақылдап,  Ықыласқа ұмтылды.

-Не дейсің, оңбаған!…-Оны шапалақпен жақтан тартып кеп жіберді.

Оған енді Ақбала араша түсті.

— Жазығы жоқ баланы неге ұрасың? Нойыс! Ұялсаңшы! Ықылас үйден шыға қашты. Шапалақ тиген беті ду-ду етеді.

Жалғыз өзі ауыл сыртындағы дөңнен асып кетіп барады. Мақсатсыз жүгіру. Ауылдан қанша ұзап, қайда келгені-өзіне де белгісіз. Әйтеуір іштегі булыққан ашу оны желкеден түйгілеп, қол-аяғын жерге тигізбей қуып келеді, қуып келеді.

Ол үлкен тақырға келді. Бетпақ даланың кәдуелгі сусыз айдын тақыры. Қылтанақсыз, жып-жылмағай тақыр. Ықылас әбден шөлдеді. Тамағы құрғап, үні тарылып барады. Тақырдың арғы шетінде жауын суынан тұрған құйма қақ болатын. Оны Ықылас қозы жайып жүріп көрген еді. Амал жоқ соған қарай жүрді. Келсе, әлгі қақта азғана сарқынды су қалыпты. Ықылас оған бірден бас қойып, қомағайлана ішті. Бірақ, жүрегі көтеріліп, бойы дел-сал болды. Ықылас тақырдың ішіндегі ұйлыға өскен бір топ жыңғылдың көлеңкесіне барып, екбетінен жата кетті. Бір-екі рет құсып та алды. Біраз жатқаннан кейін ұйқысы келді. Мүлгіп кетті.

Шығыстан ақ шуда бұлт көтеріліп келеді. Ақ ешкінің әдемі үлбіреген ұлпа түбіті сияқты. Тіпті бойжеткеннің қолындағы ақ жібек орамалға ұқсай ма, қалай. Жоқ, атам үйінің ақ бурасының шудасы сияқты-ау, сірә.

Ықыластың көзіне сол бұлттан әр нәрсе елестейді. Кенет бұлт ішінен ерекше бір сазды сарын естілді. Адам жаны егілтерлік мұң тәрізді. Құлақтан кіріп, жүректі елжіретеді. Ықылас сол бұлтқа аңырап қарап қалыпты. Сиқырлы үн бірте-бірте  жақындап, бұлт төмендей бастады. Жанға жайлы самал жел еседі. Сол желмен ерекше бір хош иіс аңқып, көкіректі кеңейте түседі. Ықыластың көзі бұлтта, құлағы әлгі үнде. Ғажап! Ғажап! …

Бірде жаңағы үн пышақ кескендей тына қалды да, бұлттан ақ киімді, сақалы кіндігіне түскен бір қария секіріп шықты. Қолында қыл қобызы бар.

-Балам, -деді ол,-мына қобызды аласың ба?

Ықылас сенерін де, сенбесін де білмейді. Көп жылағандықтан омбыққан екі көзін алақанымен уқалай береді.

-Балам, неге үндемейсің?-дейді әлгі қария оған  жақындай түсіп.

-Рас беретін болсаңыз алайын, ата.

-Әдейі сен үшін алып келдім. Бірақ, мынадай  шартпен беремін. Бұл қобыздың екі ішегіне бүкіл дүние сыйып тұр. Соның кілтін тауып аша алатын болсаң ғана, тәуекел ет.

-Шартыңызды айта беріңіз. Шамам келгенше орындауға ұмтыламын, ата,-деп есі шыға қуанған  Ықылас екі қолын жайып, алға ентелей түседі. Ойында осы бір ғажап қобызды алып, сынған домбыраның орнына бергісі бар. Оның бұл ойын сезіп қойғандай әлгі қария:

-Асықпа, балам, мен әлі айтарымды айтып болғаным жоқ. Сен бұл қобызды алғаннан кейін кім көрінгеннің ермегі етпейсің. Бұл дуалы қобыз. Ата-бабаның асыл арманы бар мұнда. Соны ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземін деп ант бер. Әйтпесе, қобыз жоқ,-деп дауысын көтере сөйледі.

Ықыластың есіл-дерті қайткенде де соны алғысы келеді.

— Айтқаныңызды орындауға ант етемін! — деген оның ащы дауысы шықты.

— Онда мынаны ал да, отыра қалып тартып көр, — деп шал оған қобызды ұстата берді.

Мен қобыз тарта білмеймін ғой,- деді Ықылас мұңайып.

-Білмеймін деп неге айтасың? Сен бәрін де білесің. Нанбасаң, тартып көрші,- деді қария бұйыра сөйлеп.

Ықылас отыра қалып, қобызды шалып көріп еді, небір ғажап үн тасқын судай төгіле жөнелді. Барлық табиғат тамсана тыңдап тұрған сияқты. Қобыз үніне ұйып, барлық аң біткен, құс біткен маңайына топтанып қалыпты. Қобыздың құлағына қонып бұлбұл отыр.

— Менсіз өзіңде игеріп алып кеттің ғой. Қанатың тез қатайып, құлашың кең жайылсын. Сахараның сәні, өмірдің егілген дәні бол, -деп қария қолын жайып, батасын берді де, бұлт қанатына мініп, қайтадан көтеріле берді. Ұзап барады. Ықылас қобызды құшақтаған бойы орнынан тұрып айқайлайды.

-Ата, сіз кім боласыз?

-Мен сенің үшінші атаң — Момынмын!-деген сөз Ықыласқа зеңгір көкті жаңғырықтыра естілді.

— Ата! Ата! — деп айқайлайды қуанған Ықылас.

…Өз дауысынан өзі шошып оянса, түсі екен. Маңайында ешкім жоқ. Жаңағы атасы берген қобыз қайда? Бұл не деген алдамшы елес? Ықылас мең-зең. Жан-жағына алақтап қарай береді. Япыр-ау, расымен жалған нәрсе  болғаны ма? Бұл үміт шіркін, өстіп мұншалықты алдамаса қайтеді!…

Бір айналма төбедегі жырадан «Ортаншым» деп айқайлаған дауыс шықты. Ықылас елең ете қалды. Ақбала ғой! Дәл өзі. Шай қайнатым уақыттан кейін-ақ Ықыласты іздеп шығыпты. Ықылас  оны құшақтай алды.

-Сені қатты ұрды ма?

Ақбала  қайнысын төсіне қысып, сүйіп жатыр. Өзі күліп жүр.

-Сені де, мені де қатты ұрған жоқ қой, Ортаншым-ау. Жүр, ауылға қайтайық. Мені ағаңның өзі жіберді. Саған қол қатқанына өкініп отыр,- дейді Ақбала  айналып-толғанып.

Арада бірнеше күн өтті. Сынған домбыра ұмыт болды. Тек естен шықпай жүрген бір нәрсе бар. Ол- әнеу күнгі Ықыластың  көрген түсі мен Әмірдің  қобыз істетіп беремін деген уәдесі. «Қобызды қашан әкеліп берер екен, ә. Әй, соны әкеп бергенімен тарта алмаймын-ау»-деп жүрексіне ойлайды, Ықылас ауыл  сыртындағы өзекшеде қозы жайып жүріп.

Ықылас қозыларды кешқұрым ауылға айдап әкелді.

-Ортаншым,- деді Ақбала қозыларды көгендеп болғаннан кейін Ықыласты қолынан жетектеп,-біздің үйге жүрші.

Екеуі отауға келді.

— Мынаны қарашы, бағана ағаң алып келіп, өзім келгенше берме деп еді. Мен шыдай алатын емеспін, — деп Ақбала үлкен кебеже ішінен шағын қобыз алып, ұстата берді. Өзінің екі көзі танадай жайнап тұр.

Тым қуанышты, бірақ, байсалды.

Ықылас қобызға  ынтық болып жүрсе де бірден бой салып, ала қоймады. Өйткені, қобыз тарта білмейтіні өзіне аян. Сондықтан ентелей жығылып қайтсін.

-Ала ғой. Көрші өзің, қандай әдемі. Өзіңе арнап, әдейі істетті емес пе, — деп Ақбала еріксіз ұстатты.

Ықыласқа бір ой түсті де, қобызды қолтығына қысқан күйі далаға жүгіре жөнелді. Ол ауылдан ұзап барады. Ақбала артынан күлімдей қарап тұр. Ықылас жүгірген бойы дөң басындағы «Қалмақ моласы» деп аталатын үйінді тасқа шықты да, молдасын құрып алып, ауылға қарама-қарсы отырды.

Кешкі тымық ауаны бойлай қобыз үні естілді ауылға, ән де емес, күй де емес. Әйтеуір бір сарын бар онда. Далада жүрген ауыл адамдары Ықылас отырған дөңге жалт қарасты.

-Ортаншым ғой, қобыз тартып отырған, — деп хабарлап жүр Ақбала әрқайсына.

Міне, қазақтың Бетпақдала деген сахарасында «Қобыз атасы-Ықылас» осылай  шыққан еді… Ел аузындағы аңыз осындай.

Д.Шалқарбаев, жазушы

«Дүрбелең» романынан үзінді

«Ауыл аманаты»

пилоттық жобасы

Сарысу ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының  5-бағыты бойынша қазіргі таңда Игілік, Жаңаталап, Жаңаарық ауылдық округтерінде жалғасын табуда.

Жоба аясында несиелер келесі шарттармен берілуде:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% ;

Мерзімі – 5-7 жыл;

Ең жоғарғы қарыз мөлшері – 8.6 млн. теңге;

Кепілмен қамтамасыз ету.

Білу маңызды: несие алудың барлық процедуралары жылжымайтын мүлікке тәуелсіз бағалау жүргізуді қоспағанда, ақысыз негізде беріледі.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

– өтініш берушілер 6 айдан астам уақыт бойы мекенжай анықтамасында тіркелген, ауылдық округтерде тұратын тұрғындар, ауылдық округтің тұрғыны болып тіркелген азаматтардың жақын туыстары болуы тиіс;

– несие алушының/кепіл берушінің қолданыстағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;

– несие алушының жасы 18-ден зейнеткерлік жасқа дейін болуы;

– несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;

– мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы;

– несиені кепілмен қамтамасыз ету (үй, пәтер, коммерциялық мүлік);

– несиенің кепіл нысанына сақтандыру қажет.

Жеке кәсіпкерлердің қағаз түріндегі өтініштерін қарау үшін қажетті құжаттар тізбесі

Құжаттар Үлгі
1 Үлгі бойынша несие алуға өтініш Түпнұсқа
2 Қарыз алушының/Кепіл берушінің жеке куәлігі, егер жұбайы болса жұбайының жеке куәлігі Көшірмесі
3 Қарыз алушының / кепіл берушінің неке қию туралы куәлігі (егер некеде тұрмаса, онда жергілікті атқарушы органдардан анықтама) (АХАЖ не жергілікті әкімдіктен некеде тұрмағаны туралы аңықтама) Куәлік-көшірмесі/ Анықтама-түпнұсқа
4 Қарыз алушының / кепіл берушінің тұрғылықты жерінен анықтама Түпнұсқа
5 Егер Қарыз алушы ресми түрде жұмыс істейтін болса, онда жұмыс берушіден Қарыз алушының жалақысы туралы анықтама Түпнұсқа
6 Қарыз алушының соңғы 6 айдағы жеке зейнетақы шотынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) көшірмесі Egov-тан ақықтама
7 Қарыз алушының/ кепіл берушінің несиеліктарихы Egov-тан ақықтама
8 Қарыз алушының / жұбайының биологиялық активтерінің болуы / болмауы туралы анықтама Түпнұсқа
9 Қарыз алушының/ кепіл берушінің салықтары бойынша берешегінің болуы/ болмауы туралы Мемлекеттік кірістер органдарынан анықтама Egov-тан ақықтама / салықтан
10 Кепілзаттың құқықтық құжаттары Көшірмесі
11 Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар ауыртпалығы туралы анықтама Egov-тан ақықтама
12 Кепілді бағалау туралы есеп (Тәуелсіз бағалау компаниясының есебі) Түпнұсқа
13 Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламасы бар талон Көшірмесі
14 Шоттың бар екендігі туралы қызмет көрсететін банктерден анықтама Түпнұсқа
15 Бизнес жоспар Түпнұсқа

АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК,

 ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІ

пилотный проект

«Ауыл аманаты»

В Сарысуском районе по пятому направлению пилотного проекта «Ауыл аманаты» продолжается в сельских округах Игилик, Жанаталап и Жанаарык.

Условия получения льготного кредита:

Номинальная ставка вознаграждения – не более 2,5% годовых;

Срок – 5-7 лет;

Максимальная сумма кредита – 8,6 млн. тенге;

Залоговое обеспечение.

Важно знать: все процедуры для получения кредита предоставляются на безвозмездной основе, за исключением проведения независимой оценки недвижимого имущества.

Основные требования к заявителям в контексте проекта «Ауыл аманаты»:

– заявители должны быть жителями сельских округов, состоящими на учете в адресной книге более шести месяцев, или близкими родственниками граждан, зарегистрированных в качестве жителей сельских округов;

– отсутствие существующей просроченной задолженности заемщика/поручителя;

– возраст заемщика от 18 лет до пенсионного возраста;

– регистрация заемщика в качестве индивидуального предпринимателя;

– отсутствие задолженности перед органами государственных доходов;

– залог кредита (дом, квартира, коммерческая недвижимость);

– требуется страховка залоговой формы кредита.

Перечень необходимых документов для рассмотрения заявления индивидуальных предпринимателей на бумажном носителе

Документы Форма
1 Заявление на получение кредита по форме Оригинал
2 Удостоверение личности Заемщика/ Залогодателя, в случае наличия супруги/ супруга Копия
3 Свидетельство о заключении брака Заемщика/ Залогодателя (если в браке не состоит, то справка с местных исполнительных органов ) (ЗАГС либо местный акимат) о том, что не состоит в браке) Свидетельство-копия/ Справка-оригинал
4 Справка с места жительства Заемщика/ Залогодателя Оригинал
5 В случае если Заемщик официально трудоустроен, то справка о заработной плате Заемщика от работодателя Оригинал
6 Выписка Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) с индивидуального пенсионного счета Заемщика за последние 6 месяцев Справка с Egov
7 Кредитная история Заемщика/ Залогодателя Справка с Egov
8 Справка о наличии/ отсутствии биологических активов Заемщика / супруги Оригинал
9 Справка с органов государственных доходов о наличии/ отсутсвии задолженности по налогам Заемщика/ Залогодателя Справка с Egov/ налоговой
10 Правоустанавливающие документы залогового обеспечения Копия
11 Справка о зарегистрированных правах обременениях на недвижимое имущество(справка СГРП) Справка с Egov
12 Отчет об оценке залогового обеспечения(отчет Независимой оценочной компании) Оригинал
13 Свидетельство о государственной регистрации либо талон с уведомлением о начале деятельности а качестве ИП Копия
14 Справка с обслуживающих банков о наличии счета Оригинал
15 Бизнес план Оригинал

ОТДЕЛ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И ПРОМЫШЛЕННОСТИ,

ТУРИЗМА АКИМАТА САРЫСУСКОГО РАЙОНА

маман кеңестері

Өрт-тілсіз жау

«Өрт – тілсіз жау» дейді халық даналығы. Жаз, күз айларында өрт қауіпін тудырудың негізгі себептерінің бірі. Әсіресе, бұл кезде орман алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді.

Соның ішінде біздің «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің қызметкерлерінің негізгі міндеті-мемлекеттік орман қоры жерлерін өрттен қорғау. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Орманда өрт шығу себептері көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны бәрімізге мәлім. Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін еске ала отырып, аудан тұрғындарына мемлекеттік орман қорына іргелес орналасқан шабындық, бақшалық, егіндік жерлерде, малды ауылдарда отты пайдалануда ұқыптылық танытуларыңызды сұраймыз!

Жаз мезгілінде табиғат аясында демалуды ұнататын аудан тұрғындарынан да сұрайтынымыз өрт қауіпсіздігін қатаң сақтап, азық-түлік қалдықтарын арнайы санитарлық шұңқырларға  тастаған абзал. Қоршаған ортаны ластауға жол бермегеніміз жөн.

Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жаудан қорғауға, аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орман алқаптарын өрттен қорғау жөнінде жиі айтып отыру керек. Егерде қасақана өрт шығарған тұлғалар анықталса, қатаң шара қолданатынын ескертеміз. Осыған орай өрт болған жағдайда ақпаратты жедел түрде мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 2-16-81, 87758353431, 87788900085.

Аудан тұрғындарына айтарымыз далада, орманда өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайық!

Н.Оразалиев, «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің Жайлаукөл орманшылығының

Орманшылық басшысы

статистика хабарлайды

Сарысу  ауданының 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4425,1 тонна ет, 3588,2 тонна сүт, 2560,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 165 тонна ет, 139,6 тонна сүт, 74,8 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 31358 басқа, қой 241562 басқа, ешкі 28029 басқа, жылқы 10643 басқа, түйе 3493 басқа, үй құстары 25850 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 6299 басқа, қой 14540 басқа, жылқы 2051 басқа, түйе 297 басқа, үй құстары 513  басқа көбейіп, ешкі  13478  басқа азайған.

Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 51986,7 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 105,6%-ды құрады.

Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 29477,4 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй-7253 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5766,7 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 2078,8 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары  406,1 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары  1672,7 млн. теңгеге сатылды.

Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары  мен әлеуметтік аударымдарды қайтаруға онлайн түрде өтінім беруге болады

Мемлекеттік корпорация сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Пилоттық жоба негізінде азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық үкімет порталы арқылы артық немесе қате аударылған міндетті әлеуметтік және зейнетақы жарналарының сомаларын кері қайтару бойынша сервис іске қосылды.

Жаңа жоба қызмет алушылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару жолын жеңілдетіп қана қоймай, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтатынын атап өтеміз. Өтінім беру үшін жұмыс берушіге электронды үкімет порталындағы деректерді толтыру қажет. Сондай – ақ, төлеушінің  деректемелерін және оның төлем тапсырмасының деректерін көрсету қажет. Айта кетейік, қате аударылған міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын қайтару, МӘСҚ – нан төленетін әлеуметтік төлемдерінің дұрыс есептелуі мен тағайындалуы үшін қажет.

“Бұған дейін жұмыс берушілер Мемлекеттік корпорацияға келіп, ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті қағаз күйінде тапсыратын. Одан бөлек, өтініштер пошта қызметі арқылы жіберіліп, оларды жеткізу ұзақ уақытты талап ететін. Біз азаматтардың қолайлығы үшін eGov.kz порталында осы сервисті іске қостық. Енді жұмыс берушілер мен төлеушілер өтінішті онлайн жіберіп, уақыттарын едәуір үнемдей алады. Сондай – ақ жаңа сервистің арқасында қызмет көрсету мерзімі 15 күннен 12 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сонымен қатар, өтініш берушілер өтінішінің қаралу дәрежесін бақылай алады”,- деп атап өтті. Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, бұл сервис Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациалар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында бірлесіп жасалған бұйрық нәтижесінде іске асырылды.

Аталмыш инновацияны жүзеге асыру “Азаматтарға арналған үкімет  “Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ  мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесіп атқарылған қызметтің нәтижесінде мүмкін болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұйымдар екінші деңгейлі мобильді қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу бойынша сервисті іске қосқан болатын.

А. Рахимов,

аудандық әлеуметтік

қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

Кәсіби аурулардың алдын-алу шаралары

Кәсіби аурулар–зиянды еңбек шарттарының ықпал етуімен пайда болған ауру.  Жіті кәсіби ауру–зиянды кәсіби факторлардың бір мезетінің (бір ауысым бойында) ықпал етуінен пайда болған ауру.

Созылмалы кәсіби ауру–зиянды өндірістік факторлардың көп реттік немесе ұзақ уақыт бойы ықпал етуінен туындаған ауру.

Кәсіби улану–өндірістік шарттарда зиянды химиялық факторлармен туындаған жіті немесе созылмалы интоксикация. Жіті кәсіби улану, бұл жұмыс істеушіге зиянды заттың бір реттік ықпал етуінен туындаған ауру.   Жіті уланулар апаттар кезінде, технологиялық тәртіптің, техникалық қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария ережелерінің маңызды бұзушылықтары кезінде, зиянды зат мөлшерінің концентрациясы он немесе жүз мәрте үлесінен асқан кезінде орын алуы мүмкін. Осының салдарынан пайда болған улану тез сауығумен, өліммен, немесе денсаулық жағдайында тұрақты бұзушылықтарды туғызуы мүмкін.  Созылмалы улану деп, зиянды заттардың аз концентрациясы немесе дозаларының жүйелі түрде ұзақ уақыт бойымен ықпал етуінен туындаған ауру болып табылады. Ағзаға бір рет енген дозалардың салдарынан улану белгілерін туындатпайтын дозалар болып табылады.

Кәсіби аурулардың ерекшелігі ретінде зиянды шарттар негізінде жұмыс істеуді бірнеше жылдар бойы тоқтатудан кейін туындаған немесе дамыған ауруларды санауға болады.

Ауру кәсіби деп өндірістің зиянды немесе қауіпті факторларының болуында танылады және мамандыққа, аурудың клиникалық белгілеріне, жұмыс шарттарына, қолайсыз еңбек шарттарында жұмыс істеу ұзақтығына байланысты.

Кәсіби аурулардың алдын алу кәсіпорындарда техникалық және санитариялық-гигиеналық шараларды өткізуде негізделеді. Жұмыскерлерге қысқартылған жұмыс күнін, ұзақ демалыс орнатады. Оларға тегін-емдік-сауықтыру тамақтану ұсынылады. Ауруларды төмендетуде зиянды өндірістік факторлар шарттарында жұмыс істейтін қызметкерлердің алдын алушы медициналық тексерілуі болып табылады. Медтексерістер жылына бір реттен кем өткізілуі тиіс. Жұмыс беруші 1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарды, сондай-ақ осы еңбек жағдайларындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, адамдардың аты-жөні, жұмыс орны жазылған тізімді жасайды. Ол өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады. Медициналық тексерулерді тек қана лицензиясы бар емдеу-профилактикалық мекемелер жүргізе алады. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды (алдын ала және мерзімдік) зертханалық және функционалдық зерттеулердің толық көлемін жүзеге асыру үшін білікті мамандармен және материалдық-техникалық ресурстары бар медициналық ұйымдар жүргізеді.

С.Артықбаев,  аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының  басшысы                

ХАБАРЛАМА

«Sarysý»  газетінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 72 санында жарияланған   учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы Сарысу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының  25 тамыздағы №51 шешімімен №367 учаскелік сайлау комиссиясына Атенов Бакыт Жамиевичтің орнына комиссия мүшесі болып Кошкинбаев Бакытжан Есенерович  тағайындалды.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының  25 тамыздағы                              №53 шешімімен  уақытша учаскелік  сайлау комиссиясының мүшелері болып тағайындалды:

№ 364 учаскелік сайлау комиссиясына сайлау комиссиясының мүшесі Есенболтаева Галия Шорабековнаның орнына комиссия мүшесі болып Кеңесов  Мұхаметәлі Нұрланұлы;

№ 367 учаскелік сайлау комиссиясына сайлау комиссиясының мүшесі Мусаева Гулнар Амангельдикызының орнына комиссия мүшесі болып Жаркенов Жангозы Умиргалиевич;

№367 учаскелік сайлау комиссиясына сайлау комиссиясының мүшесі Салимова Улбике Алибековнаның орнына комиссия мүшесі болып Утеева Ауес Нурашовна;

№367 учаскелік сайлау комиссиясына сайлау комиссиясының мүшесі Бейсенбекова Бахыткуль Нуржигитовнаның орнына комиссия мүшесі болып Сердалина Назира Тулеутаевна;

№367 учаскелік сайлау комиссиясына сайлау комиссиясының мүшесі Тобжарганова Сандугаш Султановнаның орнына Кумісбеков Мақсат Жексенбекұлы;

Сарысу аудандық сайлау

комиссиясы

СООБЩЕНИЕ

Сообщение Сарысуской районной избирательной комиссии о составе  участковых избирательных комиссий опубликованное в газете «Sarysý»  23 августа 2023 года в номере №72.

Решением Сарысуской районной избирательной комиссий №51 от 25 августа  2023 года вместо члена  №367 участковой избирательной комиссий  Атенова Бакыта Жамиевича назначен Кошкинбаев Бакытжан Есенерович;

Решением Сарысуской районной избирательной комиссий №53 от 25 августа  2023 года временно назначены членами участковой избирательной  комиссии:

Вместо члена участковой избирательной комиссии №364 Есенболтаева Галия Шорабековны   членом комиссии назначен Кеңесов  Мұхаметәлі Нұрланұлы

Вместо члена участковой избирательной комиссии №367 Мусаевой Гулнар Амангельдикызы  членом комиссии назначен Жаркенов Жангозы Умиргалиевич;

Вместо члена участковой избирательной комиссии №367 Салимовой Улбике Алибековны членом комиссии назначена Утеева Ауес Нурашовна;

Вместо члена участковой избирательной комиссии №367 Бейсенбековой Бахыткуль Нуржигитовны членом комиссии назначена Сердалина Назира Тулеутаевна;

Вместо члена участковой избирательной комиссии №367 Тобжаргановой Сандугаш Султановны членом комиссии назначен Кумісбеков Мақсат Жексенбекұлы;

Сарысуская районная

избирательная комиссия

Leave A Reply

Your email address will not be published.