Допты ұршықша иірді

0

Спорт-жанның айнымас серігі. Серпіліспен бірге сергектікті сыйлайтын шынығу адамға күш-қуат береді. Дұрыс өмір сүру үшін денені спортқа икемдеу қажет дүние.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала күнін кеңінен атап өту мақсатында  қаладағы спорт кешенінде  Жаңатас қаласының 54 жылдығына орай, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен волейболдан ересектер арасында «Жаңатас қаласы әкімінің кубогі» аудандық турнирі өтті. Жарысқа спортты серік еткен жандардан құралған 5 команда қатысты. Шарада қала әкімі Д.Борсықов сөз сөйлеп,  қатысушыларды қала күні мерекесімен құттықтай келе жасампаз істерге жаңашылдық танытатын істердің алда екенін айтты. Сонымен қатар, қаланың тарихына кеңінен  тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен турнир нәтижесінде, 1-орынды Жаңатас №26 БЖСМ, 2-орынды Өндіріс ауылдық округі, 3-орынды Түркістан ауылдық округі, 4-орынды Жаңаарық ауылдық округі, 5-орынды аудан әкімдігінің құрамасы иеленді. Барлық қатысушы командаларға ұйымдастырушылар тарапынан медальдар мен дипломдар тапсырылды.

Қала күні мерекесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

С.қуандықұлы,  «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.