Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың 6 шілде-Астана күнімен құттықтауы

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді, еліміздің жүрегі, береке-бірлігіміздің тірегі болған Елорда күнімен шын көңілден құттықтаймын!

Елорда мейрамы – бұл бүкіл қазақстандықтар үшін маңызы зор айтулы оқиға.

Себебі, тәуелсіз Отанымыздың нышаны, бас қаламыз арқылы Қазақстан өзінің еңсесін тіктеген ел екенін жер-жаһанға паш етті. Бүгінде, астанамыз − халқымыздың айбыны, егемен еліміздің символы, тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын көрсетіп келеді. Қазақ елінің мерейін асқақтатып, сәулетті сұлулығымен таңғалдыруда.

Бүгінде, Қазақстанның барлық өңірлері Астанамызға қарап бой түзеп келеді. Олардың қатарында Сарысу ауданы да бар. Көп қабатты тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріліп, аудан орталығы жаңаша келбетке ие болып келеді.

Барлық салада оң өзгерістер байқалуда. Қалада жол жөндеу, коммуналдық саланы жетілдіру, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, біздің қаламыз да келбеті жаңарған, сәулеті көз тартатын қалаға айналатыны сөзсіз.

Құрметті жерлестер!

Осынау қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Еңселі Елордамыз бен өңірлеріміз өркендей берсін!

Бейбітшілік қаласы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді мемлекеттік мерекеміз — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн, тәуелсіз еліміздің тарихында айтулы орын алар, маңызы терең мерекелердің бірі. Астана — жай ғана жарқын заманауи мегаполис емес, мемлекетіміздің жаңаруының символы. Күн сайын дамып, көркейіп келеді. Әлемдік қала құрылысының соңғы үрдістерін көрсететін және ең батыл идеяларды жүзеге асыратын, ең батыл сәулет жобаларын жүзеге асыру орны.

Бүгінде Елордамыз еңсесін тіктеп, зәулім ғимараттар, түрлі алып нысандар бой көтеріп, ару қаланың ажарын аша түсуде. Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, серпінді даму жолына түскен қалаға айналды.

Елордамыз — саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мә-селелер бойынша түрлі кездесулер еуразиялық кеңістіктегі орталығы болып табылады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» статусы беріліп, жарқын болашақтың керемет үлгісін таныта білді.

Астана — жастардың қаласы. Асқақ армандарға ұмтылып, мақсаттарға жетуде жастар бақытын бас қаладан іздейді. Мемлекет тарапынан жастарға арналған көптеген қолдаулар да жастар үшін шабытпен жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызады.

Астана қаласын — оның даңқты тарихы мен дәстүрлерін, заманауи жетістіктерін мақтан тұтамыз. Төрткүл дүниеге төрелік айтылып, түрлі форматтардағы жиындар өткізілетін алаңға айналған Елордамыздың келешегі кемел. Миллионнан аса тұрғыны бар еңселі орданың алда талай биіктерді бағындыратынына біз кәміл сенеміз.

Қадірменді жерлестер!

Осынау мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға               құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Саялы Сарыарқаның төсінде бой көтерген қаламыздың ғұмыры ұзақ болсын. Еліміздің бас қаласы жайнап, гүлдене берсін!

Ш.Мұсабеков, аудандық мәслихат төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.