Самға, жас маман-2023

0

Арманға ұмтылып, жас маман атануға бар күшін салып жатқан ауданымыздағы білім ордасы-Жаңатас көпсалалы колледжі білімгерлерге ақ айдында жол сілтеуде ерен еңбек етіп келеді. Келелі іс пен кемел білімнің үлгісін танытып жүрген колледждің аудандағы потенциалы қашан да жоғары.

Түрлі саланы қамтыған оқу орнында жыл сайын түлектер оқып, даңғыл жолға бет түзеуде. Осы орайда, бейсенбі күні Жаңатас көпсалалы колледжінде бітіруші түлектерге арналған салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.

Шараға Сарысу ауданы әкімінің орынбасары – Еркебұлан Есмаханов, «Алтын Орда -2006»  директоры Дәулетәлі Жамбаев,  «ЕвроХим-Каратау» ЖШС басшылық әкімшілігінің басшысы  Александр Исаев, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Бегеев, «ЕвроХим- Тыңайтқыш» ЖШС-нің бөлім басшысы Бақытжан Байділдаев, «Казфосфат» ЖШС персанолдармен жұмыс департаментінің директоры Абдинадир Айтматов, «Қаратау» ТКӨК  ЖШС ұйымдастыру және дамыту бөлімінің басшысы Жандос Жақаев, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысты. Сөз сөйлеген Еркебұлан Нұрғалиұлы білімгерлерге оқу жылын табысты аяқтап, алдағы мақсаттарға сүрінбей жетуге тілек білдіріп, болашақ жас мамандарға диплом тапсырды. Сондай- ақ, келген қонақтар да ізгі тілектерін жеткізіп, бітіруші түлектерге дипломдарын тапсырды. Шара барысында ата-аналар мен белсенді жастарға колледж директоры Нұрландия Түйтебаева Алғыс хаттар табыс етіп, бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Колледждің өнерлі жас-тары шараның көркін кіргізіп әндері мен билерін ұсынды. Биыл Жаңатас көпсалалы колледжінде 138 түлек бітіріп шықты. Оның ішінде 6 білімгер үздік диплом иесі атанды. Ендеше, ыстық ұямен қимастықпен қоштасқан түлектерге ақ жол дейміз. Сәт сапар, жас маман!

Жеѕімпаз отбасы

Шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы болу әке мен анаға ортақ міндет. Елге үлгілі атанып, қоғамдық шараларда белсенділік таныту берік отбасының жетістігі. Осы орайда, ауданымыздың намысын қорғап, жеңістерге жетіп жүрген Қырғызбаевтар мен Хусайновтар отбасы тағы бір белесті бағындырды.

Жуырда “Есірткісіз болашақ” ұранымен “Әкем, Анам және Мен  — спорттық жанұя” атты облыстық отбасылық фестивалі өтті. Шараға Жамбыл облысы бойынша 18 отбасы қатысты. Түрлі кезеңдерден сүрінбей өтіп, білім мен спорттық сайыстарда ауданымыздың намысын қорғаған Қырғызбаевтар отбасы сайыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шығып жеңімпаз атанса, Хусайновтар отбасы күміс жүлдегер атанды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Елге үлгі-өнеге болып жүрген өнерлі әрі салауатты өмір салтын ұстанатын жеңімпаз отбасылардың жарқын жеңісі қанатын жайып келе жатқан жас отбасылар үшін нағыз үлгі.

Ќара ґлеѕніѕ

ќўдіретін сезінген Назерке

Беймаза ойды қаламмен жеткізіп, көкейдегіні тап басып түрту ақынға біткен қасиет. Оқырманға ой салып, керемет сезімге толы лирика мен әсерлі жырларды сыйлай білу құдірет. Әдебиеттің ақ айдынында еркін қалам тербеуде шыңдала білу де заңдылық.

Қарымды қаламгер мен дарынды ақындары бар Сарысу өлкесі өн бойына жинаған сан таланттармен мақтана алады.

Жуырда Меркі аудандық «Жас-тар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Меркі ауданының 95 жылдық мерейтойына орай, А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін 1  мектеп-гимназиясында облыстық «Туған жер» атты жас ақындар мүшайрасы өткізілді. Сайысқа Шу, Меркі, Жамбыл, Жуалы және Сарысу аудандарынан жас ақындар қатысып, бақ сынасты. 3 кезеңнен өткен мүшәйрада ақындар шығармашылықты шыңдап, көркемсөз шебері атануға барын салды.

Аталмыш мүшайраға аудан намысын қорғаған «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің «Ұйымдастыру және бақылау» бөлімінің басшысы Назерке Айнабекова байқаудың қорытындысы бойынша кезеңдерден мүдірмей өтіп, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Н.Нарікбаевтың ІІ дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ауданымыздың  абыройын асқақ-татқан Назеркеге қаламың талмасын, жеңісің құтты болсын дегіміз келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.