ШӨПТІ ҚАУІПСІЗ ЖИНАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

0

Жаз-фермерлер үшін маңызды уақыт. Азық-түлік жинау кезеңінде жемді жинау ғана емес, оларды сақтау да маңызды. Ең алдымен, шөп-от үшін ең оңай олжа.

Өрт қаупі бар кезеңде ең кішкентай ұшқын қысқа уақыт ішінде өрескел жемді жоюға қабілетті өртті тудыруы мүмкін, ал одан әрі бақылаусыз таралу кезінде элемент орман алқаптарын жояды, елді мекендерге жақындап, тұрғын үйлер мен шаруашылық ғимараттарына қауіп төндіреді. Шөп жинау басталғанға дейін оған тартылған адамдар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс, жинау агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылуы тиіс, шөп дайындау кезінде тартылған ауыл шаруашылығы техникасы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы, реттелген қоректендіру, тұтану, майлау жүйелері болуы тиіс.

Белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген қолдан жасалған техниканы пайдалануға тыйым салынады, далалық жағдайларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Шөп жинау кезінде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау қажет. Өйткені, егер олар сақталмаса, шабындықтағы барлық көп күндік жұмыс бос кетуі мүмкін.

Ә.Бекенов, Сарысу ауданы ТЖБ  аға инженері, азаматтық  қорғау аға лейтенанты     

Орман және дала өртін алдын алайық

Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлар,  өрттің пайда болуына әкеп соғады.

Өткен жылға талдау жұмыстары қорытындысы көрсеткендей, жаз кезеңінде өрт қауіптілігі орын алу маусымында, құрғақшылық маусым болса, өрттердің болуы қатері өседі. Қатерлерді орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету, шөп орушы және тасушылардың қауіпсіздік ережесін сақтамау себептерінен туындайды.

Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағып, орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіріп, топырақпен көміп немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.

Құрметті аудан тұрғындары! Жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Өрт қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 367-бапта көрсетілген  ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу:

  1. жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, – жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Орман және дала алқаптарында кез келген алқаптың немесе орманның жануын байқаған кезде жедел түрде мына төмендегі байланыс құралдарына хабарласуларыңызды сұранамыз:  тел.2-16-81, ұялы телефондар 87781461101, 87758353431, 87081811014

Т.Самкенов, Орман күзету және қорғау инженері

Нитраттар деген не?

Олардан қауіптенуге бола ма?

Витамин  көздеріне  бай  оңтүстік өңірінің  сауда орындарына қауын, қарбыз, өрік және де басқа жеміс-жидектер көптеп түсе бастайды.

Нитраттар адам ағзасына тек қана жеміс-жидектер  ғана емес, нитраттар негізінде дайындалған жүрек, қантамыр ауруларына арналған дәрі-дәрмектер арқылы да түседі.

Нитраттар суда ериді де дереу қанға өтеді. Нитраттардың әсерінен адамдардың нитраттарды сезгіштігі күшейеді. Нитраттарды сезгіштік жас нәрестелерде, егде кісілерде, қаны аз адамдар мен жүрек, қан тамырлы ауру кісілерде демалу жүйесінің эндокринді науқасы бар адамдарда, ішек ауру дисбактериоз кезінде күшейеді.

Жеміс-жидек  пен бақша өнімдеріндегі нитраттардан  уланудың алдын — алуда, тамақтану гигиенасының орны зор. Бұл тек жеке бастың гигиенасын сақтау емес, жеміс-жидектермен көкөністерді  әркім өзінің денсаулығына, асқазан — ішек жолдарының жағдайына қарай пайдаланғаны жөн. Өрік, қияр, қызанақ, қауын, қарбыз  тағы басқа   іш жүргізетін  жемістер қатарына  жататындықтан, оларды байқап жеу керек. Сыртқы қабығында нитраттар көп жиналатын болғандықтан қабығын аршып тастау қажет.

Адам ағзасына артық нитрат түспеу үшін не істеу қажет:

Жеміс-жидектер мен көкөністерді  кулинарлық өндеуден өткізу, ағынды сумен жуу көкөністерді  сумен жуғанда  нитраттар құрамы 10 %  азаяды,  қайнатқанда 40-80 %, бұқтырып, қуырғанда -10%, ашытқанда, тұздағанда 2,3 есеге азаяды.

Аудан көлеміндегі сауда орындарында сатылатын  көкөністер мен бақша өнімдерінің құрамындағы нитраттардың көрсеткіштерін Сарысу ауданы орталық сараптау зертханасына зерттеуден өткізіп білуіңізге болады.

Әр  адам  өз  денсаулығын, тамақтану  гигиенасын  есінен шығармай   осы  ұсыныстарды  орындаса,  ешқандай  қауіп   жоқ.

С.Артықбаев,

Сарысу  аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау    басқармасының басшысы

 

ТУРИЗМ САЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІ СУБСИДИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарымен бекітілген) күшіне енді, оның шеңберінде туризм саласындағы 7 бағыт бойынша, атап айтқанда жол бойындағы сервис объектілерін, туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде, туристік автомобиль көлік құралдарын және тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға, әрбір шетелдік туристке, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға және кәмелетке толмаған жолаушылар авиабилетіне ақы төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға болады. Оның ішінде мемлекеттік қолдаудың төрт шарасын жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

Олар: 1) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (1 СГТ күтіп-ұстауға айына 83 300 теңге мөлшерінде, өтінімдер күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін қабылданады);

2) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген туристік қызмет объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға арналған шығындар құнының 10%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін қабылданады);

3) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу (автокөлік құралдары құнының 25%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде қабылданады);

4) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген ЖБСО құрылысы құнының 10%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін қабылданады).

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін облыс әкімдігінің туризм басқармасына осы Қағидаларға сәйкес өтінім мен құжаттар топтамасын ұсынатындығын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз (құжаттар қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол қабылданады)

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.