Туған жерге туыңды тік
Туған жерден түлеп ұшып, биік мақсаттарға ұмтыла білген ауданымыздың мақтаныштары игі істер жолында тынбай еңбек етіп келеді. Адал кәсіптің нәсібін тауып, жетістіктерге жетіп жүрген жандар өрендерге жан — жақтан түрлі қолдау көрсетіп жүр.
Жақында Алматы қаласындағы «Allomaster.kz» сервис орталықтар желісі негізін қалаушылар, Жаңатас қаласы М.Әуезов мектебінің түлектері ағайынды Әділжан, Ақылжан, Мейіржан Исаевтар Алматы қаласындағы Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде оқитын 10 студентке грант бөліп отыр. Оның ішінде 6 грант “Харекет” және “Asar-ume” қайырымдылық қорларының отбасыларынан болса, екеуі жаңатастықтарға бұйырып отыр (екі азаматта көпбалалы отбасынан). Тағы екі білімгерді өздері іріктеп алды. Студенттер 3 жыл тегін оқып, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Аталмыш оқу кезінде қосымша «Allomaster.kz» сервис орталықтар желісінде практикалық білім алып, оқуын аяқтағанда жұмыспен қамтамасыз етіледі. Заманның көшімен ілесіп заманауи бағдарларды бағындырған ағайындылардың бұл әрекеті көптеген жастарға тамаша қолдау болары сөзсіз. Жастардың білімі үшін осындай игі іс жасап жатқан жандар өзгелерге үлгі көрсетіп келеді.
Жақылықтың үлкен-кішісі болмайды. Бастысы ниеттің таза болуы. Бас-ты іске бастамашыл бола білген жас-тар азаматтықтың керемет көрінісін көрсетті. Талабы таудай азаматтардың ісіне біз де сүйсіндік. Жақсылыққа мұрындық болайық.
Б.Балғабай, аудандық мәслихаттың депутаты