ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН САҚТАЙЫҚ

0

«Отан-отбасынан басталады» деген дана халқымыз отбасының, жанұяның қадір-қасиетін әуел бастан жақсы түсіне білген. Отбасы-ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Жанұяның береке-бірлігі-әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы болса, әр отбасының жемісі-мақтан етер дені сау, саналы, тәрбиелі әрі иманды ұрпағымызда екені

даусыз.

Әрқайсымыздың барымызға айналған, аса жоғары құндылығымыздың қайнар бұлағы — отбасының бекем әрі берік болуы баршамыздың қолымызда. Аудан әкімдігінің бастамасымен  аудан әкімдігінің ішкі саясат бөілімінің «Жас-тар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен  аудандық мәдениет үйінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Бақытты отбасы» атты тағылымдық кеш өтті.

Кештің мақсаты-отбасы құн-дылықтарын арттырып, ата-ана мен балалары арасында бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, адамгершілік пен сыйластық қасиеттерін жастар бойында қалыптастырып, насихаттау.

Іс-шара  «Отбасы құндылығын сақтайық!» тақырыбында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен құрылған көріністен бастау алып, Назерке Айнабекованың орындауындағы «Перзент парызы» әнімен әрленіп, колледж білімгерлерінің «Отбасым – бақытты ордам» монологімен жалғасты.

Айтулы кеште ауданның бас имамы Ғалымжан Қонақбаев  сөз сөйлеп, отбасы құндылықтарын сақтай білу, жалпы тәрбиелі, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі отбасының алар рөлін кеш қонақтарына түсіндіріп, әрқайсымыздың саялы мекеніміздің аясын кеңейтуді тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Сондай-ақ, ішімдікке әуес әкенің, жәутеңдеген балалардың, алаңдаулы ананың өмірін көрсетуге негізделген «Бар байлығым — отбасым» тақырыбында тағы да көрініс көрсетіліп, ананың қадірін бағалауға арналған Бекнұр Қыдырәлінің орындауында «Асыл ана» әні шырқалды.

Осы мереке қарсаңында аудан әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы Абдрахманова Ләззат Өзгелдіқызы сөз алып, салтанатты түрде некелерін қиған екі жас отбасыларға неке куәлігін тапсырды. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов дайындаған арнайы сыйлықтарды жас отбасыларға ұсынып, құттықтап, мекеменің ұйымдастыруымен өткізілген «Бақытты отбасы – ел тірегі» атты сурет байқауының жеңімпаздары марапатталып, жүлдегерлерге мекеме атынан естелік ретінде бағалы сыйлықтар тапсырды. Тағылымдық кеш соңында өнерпаздар  аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты.

***

Жаңатас көпсалалы колледжінде  жастарға отбасы құндылығын насихаттау, отбасының беріктігі мен бала тәрбиесіндегі ата – ананың алар орны туралы «Отбасы-Отанымыздың ошағы» атты  дөңгелек үстел  жиыны өтті.

Жиынға «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құр-бандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің аудандағы әлеуметтік психологиялық кеңес беру кабинетінің маманы  Г. Қоңырбекова, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Жақсыпейілова, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы,    полиция    аға лейтенанты Ғ.Егембердиев,  аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана ісін дамыту бөлімінің әдіскері А. Жанбекова  және колледж білімгерлері мен олардың ата-аналары қатысты.

Жиын барысында, тақырыптық семинар – тренингтер өткізіліп, психологиялық жаттығулар, соның ішінде отбасы туралы топтық жұмыс, жағдаяттарды шешу тапсырмалары ата-аналарға және қатысқан қонақтарға ұсынылды.

С.Есқараев,

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.